Қазақстанда ипотекалық несие көлемі артуда

0
22

Шымкент,Алматы қалаларының тұрғындары тұрғын үй несиелерін белсенді түрде алуда, деп хабарлайды LS.

Ұлттық банк деректеріне сәйкес, 2024 жылдың 1 қазанында ипотекалық несие көлемі 5,8 триллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 13,7%-ға артқан.

Егер елдегі ең үлкен жеті аймақты салыстыратын болсақ, ең көп ипотека Астанада рәсімделген – 1,7 триллион теңге (+13,3% 2023 жылғы 1 қазанмен салыстырғанда).

Сонымен қатар, ең жоғары өсім  Шымкент пен Алматы қалаларында байқалған – Шымкентте 17%-ға артып, 315,1 миллиард теңгеге жетсе, Алматыда 16,7%-ға артып, 1,4 триллион теңгені құраған.

Онымен қоса,тұрғын үй несиелері Қарағанды облысында – 374,5 миллиард теңге (+11,6%), Ақтөбе облысында – 244,3 миллиард теңге (+9,7%), Шығыс Қазақстан облысында – 188,6 миллиард теңге (+10,2%) және Павлодар облысында – 173,9 миллиард теңге (+11,1%) белсенді түрде рәсімделген.

Ал ең аз ипотекалық несие Ұлытау және Жетісу облыстарында тіркелген: 10,02 миллиард теңге (+1,67 есе) және 41,3 миллиард теңге (+2 есе).

Меруерт КЕҢЕСОВА

Дереккөз: https://lsm.kz/kazahstancy-zanyali-u-bankov-na-pokupku-zhil-ya-pochti-6-trln-tenge

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here