Батыс Қазақстанда ерекше құрылыс зауыты салынбақ

0
43

Ақтөбе облысында 2025 жылы цемент зауытын салу жоспарлануда. Жоба Сингапур мен Қазақстанның инвесторларының бірлескен қатысуымен жүзеге асады. Жобаның құны 70 миллиард теңгеге бағаланып, нәтижесінде 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Аймақ басшысы Асхат Шахаровтың қатысуымен өткен кездесуде жобаның қаржыландыру, құрылыс мерзімдері мен экологиялық талаптарға қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Облыс әкімі атап өткендей, бұл өндіріс өңір үшін ерекше маңызға ие, себебі ол Қазақстанның батысында іске қосылатын алғашқы ірі цемент зауыты болмақ. Зауыттың жылдық қуаттылығы 2 миллион тонна цементті құрайды.

Aktobecem компаниясының құрылтайшысы Нұржан Шакиров зауыттың іске қосылуы өңірдегі цемент өнімдеріне деген сұранысты 80%-ға дейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, зауыт өнімнің бағасын теңгеру және логистикалық шығындарды азайту тұрғысынан да тиімді болмақ.

Жоспар бойынша, цемент зауытының құрылыс жұмыстары 2025 жылы көктемде басталып, 2026 жылы толықтай іске қосылады. Осы жылдың тамыз айында Ақтөбе облысында бұрынғы химиялық зауыт алаңында символикалық уақыт капсуласын қою рәсімі өтті.

Қазіргі уақытта Ақтауда жылына 800 мың тонна цемент өндіретін зауыт жұмыс істейді.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here