Қазақстанда мектеп пен балабақша салу көлемі азайған

0
11

2024 жылдың 11 айында елімізде 34,3 мың жаңа тұрғын үй ғимараты салынды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға көп.

Жаңа тұрғын үйлердің жалпы ауданы 8,3%-ға артып, 16,3 миллион шаршы метрге жетті. Ал құрылыс құны 16,8%-ға өсіп, 3,1 триллион теңгені құрады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, көпқабатты үйлер саны 1,7 есе көбейіп, 2,3 мыңды құрады. Қазақстандағы жаңа пәтерлер саны 8,6%-ға артып, 145,9 мыңға жетті.

Жеке тұрғын үйлердің құрылыс қарқыны 3%-ға артып, 31,8 мың үй салынды.

Биыл жатақханалардың құрылысы да артты – 53 жаңа ғимарат, бұл өткен жылмен салыстырғанда 29,2%-ға көп.

Аймақтар бойынша көпқабатты үйлер әсіресе Алматыда көптеп салынды – 296 үй (+35,7%), Батыс Қазақстан облысында – 269 үй (+1,8 есе), Қызылорда облысында – 229 үй (+3,9 есе).

Жеке үйлер көбінесе Алматы облысында салынғанын байқасақ болады – 3,5 мың үй (+2,1%), Түркістан облысында – 3,4 мың үй (-0,1%), Қызылорда облысында – 3,2 мың үй (+6%).

Қазақстанда сондай-ақ 67 мектеп (-4,2%), 22 балабақша (-2 есе), 36 емхана (+16%) және 1 аурухана (-2 есе) салынды.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here