Әлемдік тәжірибе: ескі кен орындарын жайлы тұрғын ауданына қалай айналдырды

0
1

Гетеборг қаласынан тыс жерде ескі кен орнына экологиялық тұрғыдан таза және әлеуметтік жағынан тұрақты жаңа аудан бой көтереді. Бұл жоба Швецияның Next Step Group компаниясы тарапынан әзірленіп, Snohetta мен White Arkitekter сәулетшілерінің қолымен жобаланған. Жобаның ауқымы 1000 түрлі тұрғын үйлерді және қажетті инфрақұрылымды қамтиды. Құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі Lakehouse деп аталатын коммуналдық ғимаратты салудан басталады. Бұл ғимарат табиғатпен үйлесімді түрде жобаланып, айналасына ерекше тартымдылық береді.

Әлемдік тәжірибе: ескі кен орындарын жайлы тұрғын ауданына қалай айналдырды

Wendelstrand жобасы кең орындарын игерудің салдарынан бүлінген аумақты қайта қалпына келтіріп, жаңа ғимараттар мен табиғи орта арасындағы байланысты нығайтуды мақсат етеді. Тұрғын үйлердің түрлері жол шетінде орналасқан үйлерінен бастап, зәулім үйлер мен пәтерлерге дейін түрлі вариацияларда болады. Бұған қоса, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын инфрақұрылым да жасалады.

«Біздің мақсатымыз — тек біркелкі аудан құру емес, жаңа дүние жасау, дәстүрлі тұрғын үй типологиясын бұзу. Lakehouse ғимараты адамдарды ғимараттың ішіне және айналасына тарту үшін арнайы жобаланған. Біз осы жобаның ауданның тартымдылығын арттырып, қоғамды біріктіруге ықпал етіп, бүкіл өңір үшін үлкен қызығушылық тудыратынына сенімдіміз. Сонымен қатар, біз бұл жобаның ағашты құрылыс материалы ретінде пайдалану арқылы инновациялық және тұрақты тұрғын үй құрылысын қалыптастыру моделіне айналуы мүмкін. Нәтижесінде ,көміртек ізін тек Швецияда ғана емес, бүкіл Солтүстік аймақта да азайтуға ықпал етеді», — дейді Snohetta компаниясының аға архитекторларының бірі Рикард Яуцис.

Әлемдік тәжірибе: ескі кен орындарын жайлы тұрғын ауданына қалай айналдырды

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here