Шығыс Қазақстанда жаңа су қоймасы салынады

0
8

Шығыс Қазақстан облысында Кендерлік өзенінде жаңа су қоймасын салу жоспарлануда. Бұл туралы «Қазсушар» РМК облыстық филиалының директоры Нұржан Әміржанов мәлімдеді. Жаңа гидротехникалық нысан Зайсан ауданында бой көтеруі мүмкін.

2025 жылы аймақта тағы екі су қоймасын жаңғырту көзделіп отыр. Үйден және Қандысу су қоймаларындағы құрылыс нысандары қайта жөнделмек. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

Мамандардың айтуынша, бұл бастама өңірдегі су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, ауыл шаруашылығына да оң әсерін тигізеді.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here