Алматы қаласының әкімдігі «Алматы жастары» қалалық бағдарламасына қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың қосымша кезеңі туралы хабарлады. Бұл кезең тек 2024 жылдың 29 шілде мен 7 тамыз аралығында негізгі байқауға қатысып, бірақ құжаттарды э толтыру немесе ұсыну кезінде кемшіліктерге жол берген азаматтар үшін ашық болады.
Өтініштерді түзетуге рұқсат етілген өтінім берушілердің тізімі бағдарламаның негізгі бетінде «Өтініштерді түзетуге рұқсат етілген өтінім берушілер» бөлімінде жарияланған.
Құжаттарды түзету рәсімі ресми сайтта — almaty-zhastary2024.kz өтеді. Құжаттарды жаңарту және түзету мерзімі 2024 жылдың 23-31 желтоқсаны аралығында белгіленген.
Қосымша сұрақтар мен кеңестер алу үшін азаматтар Алматы қаласы Қоғамдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының көп арналы телефонына +7 (727) 225 14 57 хабарласа алады.