Өкінішке қарай, Қазақстанда терек саяжолы- сирек кездесетін құбылысқа айналды. Көптеген ағаштар кесіліп, құрылыс үшін пайдаланылды. Дегенмен, жиырма жыл бұрын бұл әсем әрі көркем ағаштар аулаларда, көше бойларында, өндірістік аймақтарда өсіп,көздің жауын алатын. Ең көп теректер Қазақстанның автожолдары бойында болатын. Бұл ағаштар кездейсоқ өскен жоқ, оларды Кеңес Одағы кезінде арнайы отырғызған.
1950 жылдары Кеңес Үкіметі қалаларды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысты. Алдымен, аумақтарды көгалдандыру қажет болды. Мемлекеттік бағдарлама аясында Иосиф Сталин барлық елді мекендерде автожолдар бойына терек отырғызуды тапсырды. Үкімет басшысының таңдауы осы жылдам өсетін тал тұқымдас ағаштарға түсті. Оған бірнеше себеп болды.
- Алғашқы себеп — ағаш түбінің тығыздығы
Кеңес Одағында қалаларды көгалдандыру үшін пирамида тәрізді теректер таңдалды. Бұл будандардың аязға төзімділігі, су тапшылығына және ылғалды топыраққа қарсы тұру қабілеті өте жоғары болды. Олардың тамыры тар пирамида тәрізді өседі, бұл ағаштарды бір-бірінен үш метр арақашықтықпен тығыз отырғызуға мүмкіндік берді. Осылайша, ағаштар жолдарға көлеңке түсіріп, күн сәулесінен қорғаныс жасады.
- Екінші себеп — табиғи түрде “ауаны тазалағыш” ретінде қызмет етеді
Теректер күнді жақсы көреді, бірақ олар жартылай көлеңкеде де жақсы өседі. Күн сәулесі олардың фотосинтез процесі үшін маңызды рөл атқарады. Осы процесс кезінде теректер көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін шығарады.
Бұл ағаштар ауасының ластануына өте төзімді. Олар зиянды химиялық заттарды жұтып, үнемі ауаны тазалап отырады. Теректер алты ай ішінде 50 килограмм шаң мен 170 килограмм көмірқышқыл газын өңдей алады. Бір маусымда бір ересек терек оттегін төрт қарағай мен жеті шырша мөлшерінде шығарады. Сонымен қатар, теректер алғашқы жылы-ақ жұмыс істей бастайды. Олар оттегімен қатар патогенді микроорганизмдерді жоятын фитонцидтер мен эфир майларын да бөледі.
- Үшінші себеп – теректердің жылдам өсуі
Пирамида тәрізді теректер жылдам өседі. Олар жылына орта есеппен 2 метрге дейін өседі, ал діңінің диаметрі 3 сантиметрге ұлғаяды. Өсу процесі 50 жасқа дейін жалғасып, одан кейін баяулайды. Бұл ағаштар қала көшелерінде немесе жасыл алңдарда 100 жылға дейін өмір сүре алады. Теректер кез келген ауа райында өсіп, тіпті басқа ағаштар үшін қолайсыз жерде де тамыр жаяды. Оларды үнемі суаруға немесе тыңайтқыш қолданудың қажеті жоқ. Ал, теректің бұл қасиеті Кеңес Одағының соғыстан кейінгі көгалдандыру жұмыстарында өте тиімді жағдай жасады.
- Төртінші себеп – өз пішінін дұрыс қалыптастыра алуға бейімділігі
Теректер — жылдам өсетін ірі ағаштар. Олар 10 жылда 40 метрге дейін биіктей алады. Олардың пирамида тәрізді бұтақтары дауыл кезінде діңіне жақын құласа да, жолды бөгемейді. Қала қызметтері ағаштардың пішінін дұрыс қалыптастырып отырады. Теректер — бұтақтарын қалыптастыруға ең жақсы бейімделген ағаштар. Олардың бұтақтарын кесуге болады, тіпті негізгі діңінің 15%-ын алып тастап, ағашты жаңартып отыруға мүмкіндік бар. Дегенмен, кесу кезінде ағаш стресске ұшыраса, оның гүлдену ерекшелігі өзгеріп, аталық терек аналыққа айналып, түтікшелі жібек шығара бастайды
- Бесінші себеп – құнды табиғи материал
Кеңес Одағында теректер негізінен көгалдандыру мақсатымен отырғызылған еді. Алайда, кейін олар құнды табиғи материал ретінде танылды. Терек бүршіктері Рига бальзамының құрамына қосылып, қабынуды емдеуге қолданылды, ал ағашы сіріңке жасау үшін пайдаланылды. Теректердің бүршіктері күлгін түсті бояу ретінде, ал жапырақтары сары түсті бояу ретінде қолданылған. Кеңес Одағында терек түктерінен медициналық мақта мен жастықтардың ішіндік материалы жасалуы жоспарланған, бірақ бұл жоба жүзеге аспай қалды.
- Теректерге деген қазіргі көзқарас
Өкінішке қарай, қазіргі уақытта теректер көпшіліктің наразылығына тап болды. Оларды елді мекендерден кесу талап етілуде. Оның себебі — аллергия тудыратын терек түктері, автотұрақтарға түскен бұтақтар,
жабысқақ тұқымдары мен олардың тым үлкен болуы.
Алайда, қазіргі стереотиптерге қарамастан, терек түктері аллергиялық реакция тудырмайды. Себебі теректің гүлдеу кезеңі басқа ағаштар мен шөптердің гүлдеу кезеңімен сәйкес келеді. Мысалы, терек пен қарағайдың гүлдеу кезеңімен сай. Терек түктері басқа өсімдіктердің шаңын жинап, ауаны тазартады. Ал аллергиялық реакцияны дәл осы басқа өсімдіктердің тозаңы тудырады. Ал теректер тек пайдалы фитонцидтер шығарады.
Дегенмен, бұл дәлелдер қазақстандықтар мен қала құрылысшыларын сендіре алған жоқ. Сондықтан да, бүгінгі таңда біздің көшелер мен қала жолдары жасыл белдеулерге айналмайды. Бұл жағдай өте өкінішті…