«Халық қатысатын бюджет» аясында Алматыда жаңа жаяу жүргіншілер аймағы ашылды

0
3

Қаладағы Наурызбай ауданында іске асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі – Шұғыла мөлтек ауданының 10 мың тұрғыны үшін жаңа жаяу жүргіншілер аймағының құрылыс жұмыстары.

«Бұл жобаны біз өзіміз ұсынған едік. Бүгінде оның жүзеге асып жатқанын көру біз үшін үлкен қуаныш. Біздің үйлердің тұрғындары үшін бұл маңызды сәт болмақ. Әр кеш сайын осы жерде серуендеп, демалуға мүмкіндік туады», — деді аудан тұрғыны.

Қоғамдық кеңістікке 350 метр ұзындығы бар жаяу жүргіншілер аймағы, балаларға арналған ойын алаңы, баскетбол алаңы, воркаут алаңы мен амфитеатр кіреді. Барлық аумақта көше жиһазы мен шағын архитектуралық формалар орнатылып, автоматтандырылған суару жүйесі мен көше жарықтандыру тіректері орналастырылады. Қазіргі уақытта ағаштар мен бұталар отырғызылып, газон төселді.

«Қалада бөлек саябақ аймағын жасау мүмкіндігі болмаған жерлерде, біз жаяу жүргіншілер жолдарын жасау жобаларын жүзеге асырамыз. Қаланың барлық ауданында осындай тартымды аймақтар пайда болады. Жаңа жылға дейін біз оларды безендіріп, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлаймыз», — деді Ерболат Досаев.

Алматы қаласы биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасына 18,8 миллиард теңге бөлді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,8 миллиард теңгеге көп. Қала тұрғындары 364 жобаны ұсынуға және жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Оның ішінде аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, спорт және ойын алаңдарын құру жобалары да бар.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here