Қазақстандықтар ТЖ-дан үйін сақтандыру үшін қанша төлеуі керек: алдын ала есептеулер жүргізілді

0
27

2021 жылдан бері Қазақстанда халық көп жиналатын нысандарды өрттен қорғау мақсатында міндетті сақтандыру жұмысын енгізу мәселесі талқылануда. Бұл «Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты болмақ. Құжат қарастыратын нормалар мен ұсыныстарды  inbusiness.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заң жобасындағы негізгі жаңалықтардың бірі – халық  көп жиналатын нысан иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру жүйесін енгізу. Бұл жүйе өрт нәтижесінде үшінші тұлғаларға зиян келген жағдайда іске қосылады.

Алдын ала есептеулер де жүргізілді

Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитетінің орынбасары Ерлан Турегелдиевтің айтуынша, соңғы бірнеше жылда бұл мәселе зерттеліп келеді.

«Өрт қауіпсіздігі саласындағы сақтандыру қарапайым азаматтардың мүддесіне қызмет етеді. Егер адам көп жиналатын объектілерде өрт кезінде жарақат алса, ол белгілі бір өтемақы алуға заңды  түрде талап ете алады», – деді ол.

Жарақат алған азаматтарға емделу үшін қаржылай көмек алуға мүмкіндік береді.

«Айта кетейік, өрттен қаза болған жағдайда туыстарына 5 мың МРП, яғни 20 млн теңгеге дейін өтемақы төленеді. I топ мүгедектігі белгіленсе – 4 мың МРП, II топ – 3 мың МРП, III топ – 1,5 мың МРП. Егер жарақаттанған- бала болса, 3 мың МРП. Егер мүгедектік туындатпайтын жарақаттар тіркелсе, емделу шығындарын жабатын, бірақ 750 МРП-дан аспайтын төлемдер қарастырылған. Бір зардап шеккен мүлікке келтірілген зиян үшін 1,5 мың МРП-дан аспайтын өтемақы төленеді. Бірақ бұл нақты ақапат емес,тек жобалап есептелген төлемақылар», – деді Нурлан Турегелдиев.

Өрттен қаза болған жағдайда, төлемдерді кінәлі тарап төлейді.

«Сіз ойлаңызшы, туыстары немесе зардап шеккендер соңғы өтемақыны алу үшін қанша сот процесін және процедураны өтуі керек? Ал, егер азаматтаркөп жиналатын объектілерінің иелері азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізсек, төлемдерді сақтандыру компаниялары жүзеге асырады. Себебі, халық көп жиналатын объектілер жыл сайын жарна төлеп, өздерін осындай оқиғаларға қарсы сақтандырады. Сонда қаржылық тәуекелдер мен шығындарды сақтандыру компаниялары көтереді», – деп атап өтті спикер.

Комитет орынбасарындағы сақтандыру есептемелері  бойынша, 2000 шаршы метр және одан үлкен нысан үшін сақтандырудың жылдық құны шамамен 300-500 мың теңгені құрайды. Бұл өрт қауіпсіздігі жүйелері толық орнатылған жағдайда. Әйтпесе, төлем көлемі 1,2 млн теңгеге дейін өсуі мүмкін.

Қазақстандықтар ТЖ-дан үйін сақтандыру үшін қанша төлеуі керек: алдын ала есептеулер жүргізілді

Мұндай сақтандыру жүйесі  бірнеше мәселені шешеді:

Біріншіден, зардап шеккендер арасында әлеуметтік шиеленіс тәуекелдерін азайтады, яғни зардап шеккендерге сақтандыру компаниялары тарапынан төлемдер жүзеге асырылады.

 Екіншіден, ірі жер нысандарында өрт туындау тәуекелдері төмендейді. Яғни, егер объектінің өрт қауіпсіздігі жоғары деңгейде болса, барлық өрт қорғау жүйелері, автоматтандыру және түтінді шығарудың, су жабдықтаудың жүйелері болса, ұйымдастырушылық-техникалық шаралар орындалса, онда сақтандыру жарналары минималды болады… Жақсы ниетті бизнес бұл бастамаларды қолдайды, НПП «Атамекен» және басқа мемлекеттік органдар бізді қолдады. Ал, салықтан жалтарған, тексерулерден қашқан және әртүрлі аффилирленген фирмалары барлар қарсы», – деп түйіндеді Ерлан Турегелдиев.

Сонымен қатар, әзірге тек халық көп жиналатын ірі объектіледі тек өрттен сақтандыруы жайында қарастырып жатқанын атап өтті.

Төтенше жағдайлардан тұрғын үйлерді сақтандыру жоспарда бар ма?

Осыған орай, билік тарапынан мүлікті ТЖ-дан міндетті түрде сақтандыру мәселесі белсенді талқылануда. Бұл идеяны алғаш болып ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозумбаев айтты. Ол 24 қыркүйекте үкімет отырысында мәлімдеді.

Бұл ұсыныстың себебі – биыл көктемде елде орын алған жаппай су тасқыны, оның барысында 120 мыңнан астам адам зардап шекті. Алдын ала есептемелер бойынша зиян миллиардтаған теңгені құрады.

«Төтенше жағдайлардан мүлікті міндетті түрде сақтандырудың оңтайлы модельдерін анықтау және табиғи апаттарға ұшырайтын қарастырылу керек аймақтарда жұмыс бастау қажет. «Сонымен қатар, апаттық облигация механизмін енгізу қажет», – деп атап өтті Қанат Бозумбаев..

Кейін брифингте ол су тасқынынан ғана емес, басқа да ТЖ түрлерінен сақтандыру туралы сөз болып жатқанын атап өтті.

«Бұл жұмыстарды табиғи апаттарға ұшырау ықтималы көп аймақтарда жүргізу керек. Мен бүгін тек су тасқыны немесе сел туралы айтып отырған жоқпын, апаттық жер сілкіністері, тұрақты түрде өртке ұшырайтын аймақтар туралы айтып отырмын. Адамдар өздерінің үйлерін өзен бойында салғысы келеді, сондықтан олардың үйлері сақтандырылуы тиіс», – деді Премьер-министрдің орынбасары.

Дегенмен, қазіргі уақытта сақтандыру жарналарын нақты анықтайтын деректер жоқ. Үкімет бұл жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін жүргізуге уәде берді.

Мәселенің шешіміне қаншақаражат кетпек? Бұл сұраққа inbusiness.kz тілшісі сақтандыру мамандарынан  жауап алды.

«Жылжымайтын мүлікті, мысалы, үйді сақтандыру орташа есеппен оның нарықтық құнының 0,08-0,35%-ын құрайды. Мысалы, 30 млн теңгелік пәтер үшін сақтандыру сыйақысы –сақтандыру компаниясына төленетін ақша, сіздің қиындыққа тап болған жағдайда шығындарыңызды жабуға мүмкіндік береді, 24 мыңнан 90 мың теңгеге дейін болуы мүмкін. Сақтандыру құны әр үй үшін жеке болады. Дәл құнын есептеу үшін клиенттерімізден шағын сауалнама толтыруды сұраймыз. Онда құрылыс жылы, қабырғалардың материалы, орналасуы және басқа  да маңызды мәліметтерді нақтылаймыз», – деп мәлімдеді PR Nomad Insurance директоры Шакир Иминов.

Қазақстандықтар ТЖ-дан үйін сақтандыру үшін қанша төлеуі керек: алдын ала есептеулер жүргізілді

Ол бүгінгі таңда Қазақстанда жылжымайтын мүлікті сақтандыру міндетті емес екенін атап өтті.Сонымен қатар, әрбір меншік иесі тұрғын үйін сақтандыру туралы шешімді өзі қабылдайтынын білдіреді. Нәтижесінде, егер Еуропада жылжымайтын мүлікті сақтандыру кең таралған тәжірибе болса, Қазақстанда бұл үрдіс баяу дамуда: маркетингтік зерттеулер мен сақтандыру нарығының қатысушыларының пікірлері бойынша, жылжымайтын мүлікті сақтандыратын азаматтардың үлесі шамамен 3-5% құрайды.

«Соңғы уақытта елімізде орын алған жойқын су тасқыны мүлікті сақтандырудың маңыздылығын айқын көрсетті. Сақтандыру полистеріне сұраныстың күрт өскенін байқадық, бірақ, өкінішке орай, бұл сұраныс қысқа мерзімді болды. Бұл Қазақстанда сақтандыру көбінесе қажеттілік ретінде емес, қосымша шығын ретінде қарастырытынын байқадық. Бізде мүлікті сақтандыру әлі де қалыпты құбылысқа айналмады және адамдардың көбі оны көбінің қолы жете бермейтін артықшылық санап, қажетсіз нәрсеге ақша жұмсауға дайын емес», – деп қосты сарапшы.

Бизнес арасында бұл сала белсенділігі жоғарырақ болып, әдетте ірі кәсіпорындар мен шетел капиталы бар компанияладың сақтандыруға қызығатынын байқалды. Олар әдетте ғимараттар, құрылымдар, қоймаларды, жабдықтарды, қоймадағы тауарларды және көлік құралдарын сақтандырады.

Қазақстандықтар ТЖ-дан үйін сақтандыру үшін қанша төлеуі керек: алдын ала есептеулер жүргізілді

Шакир Иминовтың пікірінше, Қазақстанда жылжымайтын мүлікті міндетті түрде сақтандыру тенденциясын  енгізу – азаматтардың мүліктерін табиғи апаттардан қорғау бағытындағы маңызды қадам.

«Бұл қадам қазіргі уақытта пікірталас тудырып отырғаны рас. Бір жағынан, міндетті сақтандыру халық тарапынан қосымша қаржылық ауыртпалық ретінде қабылдануы мүмкін, бірақ жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыруды енгізу – табиғи апаттарға қарсы қаржылық қорғауды нығайту үшін қажет. Сақтандыру – бұл қосымша шығын емес, өз қауіпсіздігіңіз бен қаржылық тұрақтылығыңызға арналған инвестиция», – дейді ол.

Сақтандырушылар бұл бағытта халыққа сақтандырудың өзектілігі мен артықшылықтары туралы ақпараттық жұмыстарға көбірек көңіл бөлудің маңызды екенін атап өтті.

Линда Буреева.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here