Облыс әкімі Марат Ахметжановқа «Integra Construction KZ» ЖШС-нің стратегиялық жоба жөніндегі орынбасары Әлібек Қайролла құрылыс жұмыстарына жүзден астам адам жұмылдырылғанын хабарлады. Негізгі жұмыстар аяқталды. Жұмыс топтары ғимараттардың қасбеттерін әрлеу, аумақты абаттандыру және жылу жүйелерін енгізуге асығуда.
Бес қабатты үйлер кәсіптің әлеуметтік жауапкершілік тарапынан, яғни құрылыс компаниясының жеке қаржысы есебінен салынып жатыр. Төрт үйдің үшеуі биыл пайдалануға беріледі. 45 пәтер әлеуметтік әлсіз топтарға бөлінген. Сонымен қатар, мемлекет тағы бірнеше пәтерді сатып алуды жоспарлап отыр.
Мердігердің айтуынша, құрылысшылар кейде кірпіштің жетіспеушілігімен бетпе-бет келеді.
— Негізгі жұмыстарды аяқтадық, су тасқынынан зардап шеккендер үшін тұрғын үй салу қажет болды. Ал,қазір адамдарөз үйлеріне қоныстанды, — деп,пікірін қосты Марат Ахметжанов. — Кірпіш керек болса, біздің зауыт жеткізеді, құрылыс тоқтаусыз жалғасуы тиіс.
ОМ № 12 мектебін қаладан Қылшақты өзені бөліп жатыр. Бұл көктемде қаланы су басу себебіне айналды. Су деңгейінің көтерілуін алдын алу үшін үшін арнаны тазалап, тереңдету жұмыстары жүргізілуде. 2,8 шақырым тазартылды, шамамен 1,5 шақырым қалды. Күн суығанға дейін жұмыстарды аяқтау жоспарланды. Сонымен қатар, № 2 азаматтық қорғау колледжі үшін 450 орындық жатақхана құрылысы аяқталуда. Құрылысшылар ғимараттың ішкі сәндеу және аумақты абаттандыру жұмыстарына кірісті.
— Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Біз білім алуға қолайлы жағдай жасауымыз керек. Бүгінгі еңбек нарығы білікті мамандарға зәру, — деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Облыс әкімі Сарыаркқа ауданында «Қолайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан екі мектептің құрылысымен танысты. Әр мектеп 1500 оқушыға арналған. Олардың пайдалануға берілуімен Көктем және Васильковский аудандарындағы бірнеше мектептер артық жүктемеден босайды.
«УК Строй» ЖШС бірінші мектепте ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп, жақында жиһаздар мен құрал-жабдықтар жеткізіледі.
Екінші мектептің құрылысын «Integra Construction KZ» жүзеге асыруда. Жұмыстың 70%-ы аяқталды, ішкі әрлеу жұмыстары да басталды. Екі оқу орны да жыл соңына дейін салынып бітуі тиіс.