Populous сәулет компаниясы Эр-Риядта бой көтеретін патша Салман атындағы стадионның жобасын таныстырды. Бұл стадион Сауд Арабиясындағы ең үлкен спорт ғимараты болмақ және ұлттық футбол құрамасының негізгі алаңы ретінде қызмет етеді.
Стадион Эр-Риядтың солтүстік бөлігінде, Абдулазиз патшаның саябағына жақын жерде орналасады. Оның құрылысы 2029 жылы аяқталып, стадион 2034 жылғы футболдан әлем чемпионатының негізгі алаңы ретінде пайдаланылу жоспарда бар. Сауд Арабиясы әлем чемпионатын өткізу үшін 11 жаңа стадион салуды және 4 стандионды қайта жөндеуді ұсынды. Стадионның дизайны жергілікті ландшафттан шабыт алып, табиғатпен үйлесімділік пен жаңа нысанның табиғи ортада қалай көрінуі керектігін бейнелейтін символикаға негізделген.
Стадион 92 000-нан астам адамды қабылдай алады. Бұл оны Сауд Арабиядағы ең ірі спорт нысаны етеді. Сонымен қатар, стадионда хан төсегі, қонақ үй сынды Skybox орындары, күту залдары, 300 орындық VVIP және 2200 VIP орындары да қарастырылған.
Патша Салман атындағы стадионның жоспары стадион айналасындағы кең аумақты ұйымдастыруды мақсат етеді. Жоба стадионға ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етіп, түрлі іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді. Бұл жерде жеңіл атлетика алаңы, жаттығу алаңдары мен қоғамдық спорт стадионы да болады.
Сондай-ақ, жобаға су спорты орталығы мен көпфункциялы спорт залдары кіреді. Қосымша жабық спорт залы мен қоғамдық спорт саябағы де бар, оларды Абдулазиз патша саябағымен байланыстыратын жолдар салынатын болады.
Populous компаниясының бас менеджері Ширин Хамданның айтуынша, бұл жоба тек заманауи спорттық нысан ретінде ғана емес, спорт пен табиғаттың үйлесімділігін көрсететін алаң болып табылады. Дизайн тобы табиғаттың өрнектері мен элементтерінен шабыт алып, адам мен табиғат арасындағы тығыз байланысты құрметтейтін озық инфрақұрылым жасауды мақсат тұтты.