Алматының қай аймағы сейсмикалық жағынан қауіпсіз ? Мамандардың пікірін білейік

1
458

Сіз Алматы қаласынан пәтер жалға алуды немесе сатып алуды жоспарлап жүрсіз бе? Көбі пәтер таңдауда оның орналасуы мен жақын жерде мектептер мен медициналық мекемелердің болуына аса назар аударады. Бірақ, оңтүстік астанада ең алдымен, үйдің сейсмикалық тұрақтылығы туралы ойлану қажет. Қаңтар мен наурыз айларындағы бес балдық жер сілкінісінен кейін қала тұрғындары қай көпқабатты үйлердің ең сенімді екенін жиі талқылайды. Жаңа ма, ескі ме, кірпіш пе, панельді ме? Кеңес өкіметі кезіндегі ме жақында салынғаны ма? Vkurse.kz тілшісі сарапшылармен тілдесіп, Алматыдағы ең қауіпті және сенімді аймақтарды сейсмикалық тұрақты үйлер жайында сөз қозғадық.Толығырақ біздің материалда.

Тұрғын үйлердің сейсмикалық тұрақтылығын тексеру әдістері.

Белгілі архитектор әрі ҚазГАСА-ның профессоры Павел Савранчуктың айтуынша, Алматыда «бұрыңғы және жаңадан салынған ғимараттардың сейсмикалық тұрақтылығын жүйелі түрде тексеру жүйесі жоқ».

Жекелеген объектілерді тексеру өте сирек жүргізіледі, көбінесе коммерциялық негізде ғана тексереді. Тексеру арнайы арнайы көлік арқылы жүзеге асырылады. Ол ғимараттың құрылымында жасанды тербелістер туғызады. Алайда, бұл тек шындыққа сай келмейтін, жер сілкінісінің баламасы. Көбінесе мұндай тексерулер имидждік немесе жарнамалық сипатта болады. Сонымен қатар, сынақ барысында аталмыш нысанға зиян келу мүмкіндігін де ескеру қажет», — деді Савранчук.

Архитектор-урбанист, «Градоблог Алматы» жобасының авторы Владислав Филатов, оңтүстік астанадағы көпқабатты үйлер мен тұрғын үй кешендерін беріктікке тексерудің қауіпсіз әдістері бар екенін атап өтті.

«Қазіргі ғимараттардың сейсмикалық тұрақтылығын тексерудің қауіпсіз әдістері бар. Ақауларды анықтау үшін ультрадыбыстық құралдар қолданылады. Бұл әдістер “қиратпай бақылау” (ҚБ) деп аталатын тұтас салаға жатады», — деді ол.

Сонымен қатар, радиографиялық әдісті де атап өтті. Бұл әдіс арқылы «ақаулардың нақты орналасуын және көлемін анықтауға болады, ал бірінші әдіспен мұны анықтау қиынырақ».

Алматының қай аймағы сейсмикалық жағынан қауіпсіз ? Мамандардың пікірін білейік

«Аты айтып тұрғандай, НК әдістері құрылымын бөлшектемей, тұрғындарды шығармай-ақ тексеруге мүмкіндік береді», — деп қосты сарапшы.

Тұрғын үйдің тұрақтылығын қалай нығайта аламыз?


Павел Савранчук атап өткендей,ғимараттың беріктігін арттырудың тәсілдері көп.

«Барлық әдістер жобалау кезеңінде қарастырылады, онда нақты тәсілдер мен әдістер ұсынылады. Арнайы бағдарламалар арқылы сейсмикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін есеп жүргізіледі. Жоба сараптамалық бағалаудан өтеді. Жобалау кезеңінде ғимараттардың тұрақтылығын теориялық түрде қамтамасыз ету өте сенімді. Ал құрылыс кезінде барлығы құрылысшылардың адалдығына,технологиялық процестерге бақылау мен қадағалау жұмыстарына байланысты. Бұл — «адами фактор», — деп түсіндірді маман.

Владислав Филатов Алматыда жаңа ғимараттардың барлығы қазіргі қазақстандық талаптар бойынша салынып жатқанын айтты.

«Сондықтан оларды нығайту қажет емес. 2000 жылға дейін салынған ғимараттарды нығайту керек. Себебі одан кейін сейсмикалық талаптар жаңартылып, едәуір қатайған. Қолданыстағы ғимараттарды нығайту үшін алдымен оның құрылымын талдап, НК әдістері арқылы зерттеп, қажетсіз бөліктерді бөлшектеу, әрі жан-жақты талдау жүргізу керек», — деді сарапшы.

Ол колонна-ригель схемасы бойынша салынған қоғамдық және тұрғын үйлер үшін металл құрылымы арқылы қосымша сейсмиялық күшейту жүргізу қажет екенін нақтылады.

«Кірпіш үйлерде есік-терезе ойықтарын металл бөліктермен және сыртқы қабырғаларды арматурамен нығайту қажет. Ал панельді үйлерде жағдай күрделірек: бұл үйлер қайта жоспарлауға жарамайды және сыртқы, ішкі панельдер арасындағы тігістердің нашарлауына өте сезімтал. Мұндай үйлерде барлық құрылымдар тірек қызметін атқарады. Тек дәретхана мен жуыну бөлмесін қайта жоспарлау жер сілкінісіне айтарлықтай әсер етпейді», — деп түсіндірді Филатов.

Алматының қай аймағы сейсмикалық жағынан қауіпсіз ? Мамандардың пікірін білейік

Оның айтуынша, үйдің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық металл бөлшектерінің жағдайы әдістемеге сай болуы керек, тігістер мықтап жабылуы және қайта жоспарлау жасалмауы тиіс.

«Егер бұл жеткіліксіз болса, үйдің жер сілкінісіне төзімділігін арттыру үшін сыртынан тірек конструкциялар қосылады. Мұны Алматыдағы кейбір мектептерде көрген боларсыз», — деді ол.

Үйдің беріктігіне кім жауапкершілік алады?

Павел Савранчук атап өткендей,логика бойынша, ғимараттың сейсмикалық тұрақтылығы,оның құрылысқа қатысты барлық конструктивті және инженерлік бөлшектері жоба әзірлеушілері мен құрылысшыларға байланысты.

«Әрине, қандай да бір арнайы құрылымы жоқ. Ерекше әрі күрделі құрылыс жағдайында, иалаптарды сақтау қиын болғанда, арнайы техникалық шарттар жасалады. Оларды КазНИИСА институты құрастырады, бірақ ұйым ол үшін жауапкершілік алмайды. Себебі олар ұсыныс ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, мамандар құрылыс барысын бақылауға құқығы жоқ, себебі оларға бұл үшін өкілеттілік берілмеген. Бұл, әрине, қисынсыз,, бірақ қазіргі кезде осылай. Бұл бойын қарастыратын мәселе мен атқарылатын жұмыс көп», — деп атап өтті сарапшы.

Владислав Филатов атап өткендей, ғимараттың сейсмикалық тұрақтылығы үшін ғимарат жобасын дайындайтын ұйымының деңгейінде, құрылысшы деңгейінде, құрылысқа рұқсат берген сараптама деңгейінде және ғимараттарды пайдаланатын тұрғындар деңгейде жауапкершілік бар.

Мен өз үйімнің беріктігі мен тұрақтылығын қалай тексере аламын?

Қала тұрғыны кез келген уақытта қызықтырған ғимараттың сейсмикалық тұрақтылығын тексере алатынын Павел Савранчук

«Ол үшін ресми түрде КазНИИСА институтына (Қазақстан құрылыс және архитектура институты) хабарласу керек,онда қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген арнайы бөлімше бар. Мамандардың тілінде бұл «құрылымды тексеру» деп аталады, яғни құрылымның «жасырын» бөлшектерін сапалық және сандық сипаттамаларын сейсмикалық талаптарға сәйкестігін анықтау. Бұл арзан жұмыс емес, бірақ жақсы медициналық көмек сияқты, сенімділік береді және «сейсмоқорқынышты» жеңілдетеді», — деп түсіндірді архитектор.

Владислав Филатов қарапайым тұрғын сылақтағы жарықтар, фундаменттегі жарықтар, ажыраған жиегі секілді визуалды ақауларды байқауы мүмкін екенін атап өтті.

«Бұның барлығы ғимаратты бақылау үшін жеткілікті. Өкінішке қарай, қарапайым қала тұрғыны ғимаратты бұзбай бақылау шараларын жүзеге асыра алмайды, өйткені бұл үшін мамандандырылған жабдық пен білім қажет», — деп атап өтті маман.

Алматының қай аймағы сейсмикалық жағынан қауіпсіз ? Мамандардың пікірін білейік

Сондай-ақ,оңтүстік астананың тұрғындарына ғимараттың шатырына, жертөлені су басып қалмағанына, сондай-ақ іргетастың жанында топырақтың шөгуінің жоқтығына назар аударуды ұсынды.

«Панельді үйлердің сыртқы қабырғаларындағы тігістерді тексеру артық болмайды. Бұның барлығы сейсмикалық тұрақтылыққа белгілі бір дәрежеде қатысты. Және бәрі бірге жер сілкінісі кезінде тұрғын үй тұрақтылығына әсер етуі мүмкін», — деп атап өтті маман.

Алматының қай үйлері сейсмикалық жағынан ең тұрақты?

Павел Савранчуктың пікірінше, Алматыдағы ең сейсмалық тұрақты құрылымдар туралы сұраққа «нақты бір жауап беру мүмкін емес».

«Құрылыс кезінде әртүрлі жағдай мен шешім орын алады. Бірақ заңды түрде салынатын ғимараттар жобалау кезінде жақсы сенімділікке ие болады. Ал әрі қарай құрылыс кезіндегі жағдайын өздеріңіз де түсініп отырған шығарсыздар. Типтік жобаларға негізделген үйлер арасында ең сейсмалық тұрақтысы панельді және монолитті темірбетонды жүйелер», — деді ол.

Сарапшы атап өткендей, қаланың барлық аумағы бір дәрежеде сейсмалық қауіпті.

« Қала орталығы қауіпсіз, себебі онда миллиондаған жылдар бойы жиналған тас пен қиыршықтың қабаттары, яғни “шөгінді конусы” бар. Сонымен қатар, қаланың төменгі бөлігінде де сейсмикалық қауіптілік аз. Бірақ онда табиғи-геологиялық мәселелері де бар», — деді Савранчук.

«Алдын ала факторлардың кешеніне байланысты ең қауіпті жерлер — тау етектеріндегі жер нысандары. Себебі,онда тұрақсыз топырақтар мен жоғары сейсмикалық жағдай бар.

«Сондай-ақ, өзен арналарының маңындағы жерлер де тұрақсыз. Яғни, ғимараттардың сейсмалық тұрақтылығы адамның шешімдеріне байланысты, ал табиғи жағдайларға әсер ету қиынырақ. Ғимарат өте сейсмалық тұрақты болуы мүмкін, бірақ оның астындағы топырақ уақыт өте келе күтпеген қиындықтар туғызуы мүмкін. «Алғабастағы қисайып тұрған үйлерді еске алыңыз!» — деп атап өтті архитектор.

Владислав Филатов тәуелсіздік алғанға дейінгі үйлерге қарағанда 2000-жылдардан кейін салынған барлық тұрғын үй кешендері негізгі талаптарға сай екенін қоса өтті.

«Мәселе мынада: кейбір тұрғын үй кешендері осы қалыпты жағдайдың ең төменгі шегіне сай салынады, ал беделін сақтағысы келетін ірі құрылысшылар бұл қалыпты жағдайдың ең жоғары шегін ұстанады. Өзім Базис компаниясы салған тұрғын үй кешенінде тұрамын. Жер сілкінісі кезінде үйлер сәл тербелді, бірақ ешқандай сыртқы зақым байқамадым. Алайда жер асты дүмпулері қатты болмады», — деп бөлісті ол.

Архитектор-урбанист 70-жылдардан кейін салынған барлық тұрғын үй кешендері мен ғимараттар сейсмологиялық талаптарға сай. Бірақ, жылдар өткен сайын сейсмотөзімді ғимараттарды салу нормалары «біртіндеп қатаңдай түскенін айтып өтті.

«Төменгі шекті көрсеткіш бойынша салынған тұрғын үйлер, бәрінен үнемдегеннің өзінде, сейсмикалық жағдайға төзімді. Одақтың күйреуінен бұрын салынған үйлер сейсмалық тұрғыдан 7-8 баллға есептелген. Қазір біздің қала 9-10 баллдық аймаққа жатқызылды. Сондықтан барлық тұрғын және қоғамдық ғимараттар енді жоғары баллды ескере отырып жобаланады», — деді сарапшы.

Алматының қай аймағы сейсмикалық жағынан қауіпсіз ? Мамандардың пікірін білейік

Берік әрі тәуелсіз іргетас армандайтын құбылыс па әлде мүмкін бе?

Павел Савранчук Алматыда берік іргетас негізінде салынған ғимараттардың бар екенін айтты.

«Бұл әдіс бойынша ғимарат іргетаспен қатты байланысты емес және сейсмикалық толқындардың бүйірлік әсеріне ұшырағанда қозғалмайды, бұл дірілдердің тез басылуына көмектеседі. Бұл жер сілкінісінің салдарын азайтудың тиімді тәсілдерінің бірі. Бірақ оның қымбаттығына байланысты құрылысшылар арасында танымал емес. Мысал ретінде Сатпаев және Луганский көшелерінің қиылысында орналасқан көпқабатты тұрғын үйді айтуға болады, ол, айтпақшы, Үлкен Алматы өзенінің қорғау аймағына жақын жерде орналасқан», — деді ол.

Владислав Филатов бұл технологияда «сейсмоизоляция» жүргізілетінін түсіндірді. Яғни, ғимаратты іргетастан арнайы құрылғылар — сейсмоизоляторлар арқылы «ажырату» үшін шаралар қабылданады.

«Сейсмоизоляторлар ғимаратқа сейсмикалық толқындар әсер еткенде іргетас үстінде сырғанауға мүмкіндік береді. Сырғанау амплитудасын шектеу үшін арнайы демпферлер қолданылады. Олар автокөліктердегі гидравликалық аспаларға ұқсас, бірақ үлкен көлемде жұмыс істейді», — деді маман.

Ол бұрын ірі құрылыс компаниясы үшін шешімдер жасаған фирмада жұмыс істегенін айтты. Қызметкерлер оқу мен мадақтама қағаздары үшін шетелдік сейсмоизоляторлар зауытына барып, үшін барған.

Сондықтан мен құрылыс кезінде сейсмоизоляция шаралары жиі қолданылатынын сеніммен айта аламын. Әсіресе, биік ғимараттарда қолданылады. Айтпақшы, біздің қалада ұзақ уақыт бойы ғимараттарды сейсмалық жіктерге бөлу әдісі қолданылады. Бұл биік ғимараттардың
қирауының алдын алуға көмектеседі. Қазір барлық тұрғын кешендері жеке блоктар ретінде жобаланып, әр үй өздігінен тербеліп, құрылыс сызығы бойынша артық жүктеме тудырмауы үшін,» — деп толықтырды сарапшы.

Сарапшы маман жер сілкінісі кезінде қауіпсіздікті арттырудың тағы бір жолы бар екенін атап өтті. Ол «барлық инженерлік желілердің кіріс-шығыстарын байланыстыратын икемді қосылыстарды» жасауды ұсынды.

«Қатты металл, газ, су және кәріз трубалары ғимарат тербелгенде оңай зақымдануы мүмкін. Ал икемді қосылыстар мұндай кемшіліктерден бос,» — деп түйіндеді Филатов.

Редакция атынан.«Сейсмикалық тақырып» — Алматы тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ оңтүстік өңірдің барлық тұрғындары үшін маңызды мәселе. Жанға жайлы, заманауи, болашағы бар қалада тұру, жеке үйін салу, жаңа тұрғын кешендерінен пәтер сатып алу, отбасына арнап пәтерді ұзақ мерзімге жалға алу — осының бәрі ертеңгі күнге, қауіпсіздік пен өз үйіңе деген сенімділік пен сеніммен бірге болуы тиіс. Үй, белгілі болғандай, бекініс болуы керек. Бұл тек метафоралық тұрғыда емес, тікелей мағынада — сейсмалық төзімділікті қамтамасыз ету керек. Біз Алматыда салынып жатқан жаңа ғимараттардың сейсмалық төзімділігі туралы материалдарды жариялауды жалғастырамыз.

1 COMMENT

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here