Қоқысты рұқсат етілмеген жерде қалдырсаңыз, айыппұл төлейсіз!

0
59

Алматыда ірі көлемді қалдықтардың, соның ішінде ескі жиһаз, істен шыққан тұрмыстық техника және құрылыс қалдықтарының, сондай-ақ көше қоқысының жиналу мәселесі күрделенуде. Бұл заңбұзушылықтар қоқыс алаңдарымен қоса, қоғамдық орындарға да әсер етіп, қаланың санитарлық жағдайына теріс ықпал етеді.

16 қыркүйектен бастап мегаполисте абаттандыру саласындағы заңбұзушылықтарға қарсы шаралар күшейтіледі. Көше қоқыстарын рұқсат етілмеген жерде қалдырғаны үшін айыппұл салынады.

Экология және қоршаған орта басқармасы полиция департаментімен бірлесіп, заңбұзушыларды анықтауға арналған тексеру жұмыстарын өткізеді. Қоқысты заңсыз жинайтын орындарға бейнебақылау орнатылады.

Сонымен қатар, құқық қорғаушылар рұқсатсыз етілмеген жерлерде ілінген жарнамаға да ерекше назар аударады.

Қыркүйек айының басынан бері коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы Алматы көшелерінде 52 қоқыс жәшіктің толып кеткенін анықтады. Бұл жерлерді тазалау үшін қосымша құрал-жабдықтар мен күш қажет.

Санитарлық тазалықты арттыру мақсатында жаңа үлкен қоқыс жәшіктерін сатып алу көзделуде.Сонымен қатар, тазалық жұмыстарын жүргізу үшін қосымша бақылау топтары құрылады.

Қазіргі уақытта қалада шамамен 33 мың қоқыс жәшігі бар, ал қаланы тазалаумен 1 300-ге жуық адам және 1 000-нан астам техника айналысады. Қоқысты, әсіресе ірі көлемді және көшедегі қалдықтарды, дұрыс жинамау қоғамдық орындардың ластануына және қоқыс шығаруға арналған кәсіптердің жұмысын күрделендіреді.

Мысалы, көшедегі қоқыс жаяу жүргіншілер жолы мен көлік жолын ластайды,ал қоқыс жәшігінің жанындағы ірі көлемді қалдықтар қоқыс шығаратын көліктердің жұмысын қиындатады.

Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” Кодексінің 505-бабына сәйкес, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 20 МРП мөлшерінде айыппұл салынады.

— Кіші кәсіп иелеріне және коммерциялық емес ұйымдарға — 30 МРП;

— Орта кәсіп иелеріне — 40 МРП;

— Ірі кәсіп иелеріне — 100 МРП.

Қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында 2024-2025 жылдары 2 мыңнан астам жаңа тереңдетілген жәшіктер орнату жоспарлануда.

Бұл контейнерлер қоқыс жәшіктеріне қажет орындарды азайтып, жағымсыз иістерді жоюға және құстар мен үйсіз жануарлардың қоқысқа қолжетімділігін шектейді.

Қала тұрғындарына ірі көлемді қоқысты шығаруға арнайы ұйымдарға хабарласу немесе қалдықтарды өздері алып шығу ұсынылады.

Бұл шаралар абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдан сақтануға, сондай-ақ қаланың тазалығы мен тәртібін сақтауға көмектеседі.

Автор Фариза Мухаметгали

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here