Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жаңа сауда-логистикалық кешен салынбақ

0
93

Сүт, ет, жеміс пен көкөніс, тоқыма және фармацевтика өнімдерін өндіру бойынша ынтымақтастық жобаларын іске асыру үшін Қазақстан мен Қырғызстан елдері шекарада сауда-логистикалық кешен салмақ.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қырғызстан Үкіметтері арасында «Қарасу» және «Ақ-Тілек» шекара өткелдері маңында индустриялық сауда-логистикалық кешен құру туралы келісімді бекіту жөніндегі заңға қол қойды, — деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Осы жылдың қыркүйек айында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Қазақстан мен Қырғызстан арасында «Қарасу» және «Ақ-Тілек» шекара өткелдері маңында индустриялық сауда-логистикалық кешенін құру туралы келісімді бекітті.

Кешенді құру мен оның қызмет етуінің негізгі келесідей мақсаттары бар :

Өндірістік кооперацияны қамтамасыз ету – яғни, сақтау, шоғырландыру, қайта өңдеу, жаңа тауарлар өндіру және оларды халықаралық тауар тарату жүйелеріне тиімді енгізе отырып, одан әрі іске асыру саласындағы ынтымақтастықты дамыту.
Қысқа мерзімді сақтау, логистика, жаңа орындарды жалға беру, сатуға дайындық (сұрыптау, орау, өнімдерді сертификаттау), Тауарларды көтерме топ бойынша біріктіру және қайта бөлу, тиеу және түсіру, экспорт пен импорт бойынша құжаттарды рәсімдеу, заңдық және қаржылық кеңес беру қызметтері.

Кешеннің жалпы алаңы 7,6 шаршы км, оның ішінде Қазақстан бөлігінің алаңы — 3,6 шаршы км, Қырғызстан бөлігінің алаңы — 4 шаршы км.

Бұл кешеннің қызметін құру және реттеу туралы үкіметаралық келісім 2023 жылдың 9 маусымында Астанада қол қойылды.

Ермек Сериков

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here