Солтүстік Қазақстанда 600 оқушыға арналған «жайлы мектеп» ашылды

0
6

Петропавл қаласының «Орман» шағын ауданында 600 оқушыға арналған жаңа «жайлы мектеп» ашылды. Бұл – Президенттің тапсырмасымен Солтүстік Қазақстан облысында іске асырылған ұлттық жоба аясында салынған алғашқы мектеп. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов педагогикалық ұжымды, ардагерлерді, ата-аналар мен оқушыларды осы маңызды әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтап, қонақтармен бірге заманауи оқу кабинеттерін аралап шықты.

Жаңа оқу орнында «Орман», «Борки», «Солнечный», «Юбилейный» және жаңа «Бірлік» шағын ауданының балалары үшін жайлы және қауіпсіз білім беру ортасы жасалған. Мектеп физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша жаңа модификациядағы оқу кабинеттерімен, STEM-зертханасымен, робототехника және интерактивті панельдермен жабдықталған. Сонымен қатар, екі спортзал, хореография залы, көпфункционалды спорт алаңы, шеберханалар мен акт залы бар. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орта, инклюзия және логопед кабинеттері де қарастырылған.

Заманауи технологиялар мен жабдықтардың арқасында оқушылар өз қабілеттерін дамытып, сапалы білім ала алады.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы — білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам. СҚО-да сапалы оқу орындары көбейе түседі. Қазіргі уақытта «Береке» шағын ауданында тағы бір 600 орындық «жайлы мектептің» құрылысы жүріп жатыр.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here