Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында өткен жеке қабылдау кезінде «Домстрой ПВ» ЖШС өкілі Владимир Репалов кәсіпорынның қиындықтары туралы баяндады. Шамамен 40 қызметкері бар ірі кәсіпорында бірнеше мәселе туындаған.
Бұрын павлодарлық және астаналық құрылыс компаниялары ТОО «Домстрой ПВ»-мен келесі жылға келісімшарт жасасып, алдын ала ақысын төлеп, қажетті шикізат пен қосалқы бөлшектерді сатып алатын.
Қаражат түскеннен кейін компания салық пен жалақыға қаражат бөліп, өндірісті іске қосып, дайын өнімді клиенттеріне жеткізіп отырған.
Алайда, Екібастұздағы төтенше жағдайдан кейін жобалар бойынша келісімшарттар бұзылып, компания жалақы, салық, несие қарыздарые өтей алмай қалды. Бұл жағдай есепшоттардың бұғатталуына әкелді, нәтижесінде өндіріс тоқтап қалды.
«Есепшоттарымызды ашу қажет. Қазір олар бұғаттаулы болғандықтан, ешкім бізбен жұмыс істегісі келмейді және мүмкіндігі де жоқ. Екінші жыл қатарынан есепшоттарымыз бұғаттаулы, сондықтан өндірісті жалғастыра алмай отырмыз», – дейді Владимир Репалов.
Компания, сонымен қатар, өздерінің банкротқа ұшырамай, жұмысын жалғастырғысы келетінін және реабилитацияға өтініш бергенін атап өтті. Павлодар облысының Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Ерік Есенов аталмыш мәселе бойынша компанияға қолдау білдіріп, кәсіпорынның өндірістік қызметін қайта жандандыруға көмектесу керектігін айтты.
«Біз сіздердің қызметтеріңізді зерттей келе, ешқандай күмәнді әрекет көрмедік. Бұл шын мәнінде өнім шығаратын жұмыс істеп тұрған компания», – деді Есенов.
Кәсіпорынның мәселесі енді Жоғарғы сот деңгейінде қаралатын болады. Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіне хат жолданатыны және компанияның салықтық есептерінде күмәнді немесе заңға қарсы әрекеттердің жоқ екенді айтылды.
«Атамекен» аймақтық палатасының директоры Ерқанат Әбенов кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін мемлекеттік органдардың қатысуымен үнемі жеке кездесулер ұйымдастырылатынын және бұл мәселелердің республикалық деңгейде қаралатынын атап өтті.