Қостанай қаласындағы абаттандыру жұмыстары келесі жылы жалғасын табады

0
13

Қостанайда жаңа демалыс аймақтары салынады. Мысалы, «Береке» тұрғын ауданында гүлзар бой көтереді. Бұдан бөлек, бұрынғы СХИ аумағында да демалыс аймағы жоспарланған. Сонымен қатар, басқа да аудан орталықтарында жаңа саябақтар мен жасыл алаңдар салынатын болады.

Қала аумағындағы көгалдандыру жұмыстарымен таныстырған Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев :

— Алдымен триатлон саябағы туралы айтайын. Биыл сол жерде ағаш отырғызылмады, өйткені көптеген жұмыстар жүргізілді: су тасқынынан кейін қалпына келтіру, жарықтандыру, инженерлік коммуникациялар орнату жұмыстары болды. Келесі жылы коммуникациялармен жұмысты аяқтап, ландшафт дизайнына кірісеміз. Сонымен қатар, Тобол өзенінің арнасы тазартылып жатыр. Ақыр соңында Қостанайда үлкен әрі әдемі демалыс аймағы болады.Біз «Шағала» жағалауын солға және оңға қарай кеңйтуіміз керек. Ал соңында Гашек көшесіндегі жағалауды орталықпен қосып, орталықтан КСК бағытында созылу керек. Сол кезде бізде нағыз жағалау пайда болады. Біз осыған ұмтыламыз. Келесі жылы «Шағала» жағалауын Сағадиев ескерткіші тұрған аумақпен қосамыз. Неліктен ол жерде адамдар аз? Өйткені жолды кесіп өту қауіпті, көлік қозғалысы өте көп. Сондықтан біз осы бөлікті «Шағала» жағалауымен жаяу жүргіншілер көпірі арқылы байланыстырамыз. Қазір жобаны әзірлеп жатырмыз, ол қалай көрінетінін жоспарлап отырмыз, — деп түсіндірді қала әкімі.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here