Алматы қаласы әкімдігі тұрғын үй кешендерінің тізімін жаңартты

0
13

Алматы қаласы әкімдігі тұрғын үй кешендерінің тізімін жаңартып, сатып алуға кеңес берілмейтін үйлерді жариялады. Қазіргі уақытта тізімге 36 тұрғын үй кешені енгізілген, деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл тізімге толық құжаттары жоқ, жобадан ауытқулармен салынған және басқа да бұзушылықтар орын алған тұрғын үй кешендері енгізілді. Тізімге тұрғын үй құрылысы әлі басталмаған, бірақ құжаттары жоқ объектілер де енгізілген.

Әкімдік өкілдері, сатып алмас бұрын, тұрғын үй кешенінің толық құжаттары бар екеніне көз жеткізуді ұсынды. Қосымша ақпаратты қала әкімдігімен байланыс арқылы немесе құрылыс саласындағы бақылау басқармасының арнайыWhatsApp желісіне хабарласып білуге болады: +7 705 896 60 00.

Төменде әкімдік кеңесі бойынша, сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі берілген.

Алатау ауданы:

– ТК «Питтсбург» Дархан ықшам ауданы, Сабатаев көшесі, 24;

– ТК Dostar Deluxe. Мәдениет, 185/8.

Алмалы ауданы:

– ТК Auezov Apartaments, Карасай батыр көшесі, 183/19;

– ТК Tole BI Residence, Аносова көшесі, 103 «Б»;

– ТК «Қабанбай батыр», Исаев, Қабанбай батыр, Байғанин, Қарасай батыр көшелерінің қиылысы.

Бостандық ауданы:

– ТК «Швейцария»,.Нұрлытау ықшам ауданы, уч. 1480/1, 1480/10, 1480/8, 1480/6, 1480/23, 1480/22;

– Клубтық үй Rich. Мирас, 24/1, 24/2;

– ТК Graff, мкр. Ремизовка, 7-аул. көшесі, уч. 71, 73, 75;

– МЖД, Ерменсай ықшам ауданы, Жаңғыр хан көшесі, 46;

– Клубтық үй, мкр. Нұр-Алатау, К. Тауасарұлы көшесі, 71/21;

– Блок үйлер, Аскар тау ықшам ауданы, Жансая көшесі, 17Б;

– ТК EVIM NOVO,. Қарғалы ықшам ауданы, Кенесары хан көшесі, 85/3;

– ТК «Баракат», Нұр Алатау ықшам ауданы, К. Тауасарұлы көшесі, уч. 71/5, 71/6;

– Таунхаустар «EverGreen Town». Ерменсай ықшам ауданы, Жаңғыр хан көшесі, 39, 41;

– ТК «Montblanc»,Ерменсай ықшам ауданы, 7 көшесі, уч. 8;

– «Горный Гигант», уч. 596/4;

– Бақша үйлер, ПК Жанару, уч. 556;

– ТК «Alatau park»,Нұр Алатау ықшам ауданы, Баязитов көшесі, уч. 13;

– МТК «Бағанашыл», «Мамыр», уч. 138/2, 138/3, 138/4, 138/5.

Медеу ауданы:

– Клубтық үй Sky Club House, Фонвизина көшесі, 28;

– Клубтық үй Priority, Жамакаева көшесі, 194;

– Клубтық үй Maison, Шашкин көшесі, 42/1;

– Клубтық үй Demeu Residence, Горный Гигант, уч. 192;

– Клубтық үй Pine Hill Residence, 2-көшесі, уч. 33;

– Клубтық үй Alma Garden, 6-көшесі, уч. 7, 9;

– Таунхаус, 3-көшесі, уч. 12;

– Таунхаус, Оспанов көшесі, 89/10;

– МЖД, Нұрмағамбетова көшесі, 374/1;

– Клубтық үй «Damac House», Оспанов көшесі, 54;

– Клубтық үй «Compositor», Жамақаев көшесі, уч. 108;

– Вилла Las Casas Villas, Тәттімбет көшесі, 231/1.

Наурызбай ауданы:

– ТК «Люксембург», Қарғалы ықшам ауданы, Кали Надыров көшесі, уч. 71, 73, 75;

– ТК Flora, Тастыбұлак ықшам ауданы , Таутаған көшесі, уч. 6, 8, 10;

– ТК Lantana, Үлкен Алматы ауылдық округі;

– ТК «Француз үйі», Қарағайлы ықшам ауданы , Чапаев көшесі, уч. 426;

– МТК, Кенесары хан көшесі, уч. 98.

Бұл тізімнің алдында Алматы әкімдігі тұрғын үй сатып алу бойынша шектеулер туралы маусым айында да хабарлаған болатын.

1 қарашада Алматыда Ерменсайдағы Monblanc тұрғын үй кешені сот шешімімен заңсыз деп танылып, сүрілді деп хабарланды.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here