Қостанай облысында алғашқы «Жайлы мектептің» салтанатты ашылу рәсімі өтті

0
21

Қостанай ауданы Заречное ауылында облыстағы бірінші мемлекеттік тілде оқытатын 900 орындық «Жайлы мектептің» салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали өз сөзінде Қостанай жерінің ұлы перзенті, ағартушы және қоғам қайраткері Ахмет Байтурсыновтың мынадай сөздеріне сілтеме жасады: «Халықты ағарту балалық шақтан, мектептен басталады. Мұғалімдердің міндеті — білім беру үрдісін терең біліммен толықтыру, өз тарихын білетін, болашақта еліміздің игілігі үшін қызмет етуге дайын нағыз патриоттарды тәрбиелеу!»

Құттықтау сөздерімен мектеп ұстаздары, оқушылар мен ата-аналарға ауыл қариялары да үн қатты.

Бүгінгі таңда жаңа мектепте балалар оқу процесін бастады. Заречное ауылындағы №1 жалпы білім беру мектебі құрылысына 5 миллиард теңге бөлініп, сапалы білім алу үшін барлық жайлы және қауіпсіз жағдайлар жасалған.

Мектеп Ұлттық жоба аясында қазіргі заманғы форматта салынған, бұл үш қабатты ғимарат, ең жаңа материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Мектепте бастауыш, орта және жоғары сыныптарға арналған оқу бөлімдері, әр сынып үшін жеке үш спортзал қарастырылған.

Қостанай облысында алғашқы «Жайлы мектептің» салтанатты ашылу рәсімі өтті

Мектепте 100-ден астам оқу кабинеттері бар. Физика, химия, биология пәндері бойынша толық жабдықталған оқу зертханалары, робототехника кабинеттері және STEM-зертханалары, сондай-ақ компьютерлік сыныптар бар. Барлық оқу кабинеттері интерактивті тақталармен жабдықталған, ал шет тілдері кабинеттерінде лингафондар орнатылған.

Оқушылардың жан-жақты дамуы үшін жаңа шеберханалар құрылды. Соның арқасында балалар көптеген пайдалы дағдыларды меңгере алады.

Акт залын конференц-зал немесе арт-студия ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Оқырман залы мен кітапхана, оқушылар мен мұғалімдер үшін ыңғайлы коворкинг аймақтары, сондай-ақ жоғары жылдам интернетпен қамтамасыз етілуі — барлығы білім алуға және балалардың қабілеттерін дамытуға арналған жайлы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Мектеп ауласының территориясы тыныш ойындарға да, белсенді және қозғалмалы ойындарға да ыңғайлы.

Мектеп ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға бейімделген, қауіпсіз білім беру ортасы жасалған, сондай-ақ аз қозғалатын азаматтарға арналған жағдайлар қарастырылған: тұтқалар, нашар көретіндер үшін хабарландыру жүйелері, тақтайшалар мен көрсеткіштер орнатылған.

Әлеуметтік әсер де маңызды: мектепте педагогтар мен техникалық қызметкерлер үшін 100 тұрақты жұмыс орны ашылған.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 4500 орындық 6 мектеп салынып жатыр. Атап айтсақ,Заречное ауылында, Арқалық және Рудный қалаларында, Күшмұрун ауылында және облыс орталығының белсенді дамып жатқан екі микроауданында – «Әуежай» және «Береке» шағын аудандарында жаңа мектептер бой көтеруде.

Бұл жобалар оқу орындарының тапшылығын шешіп, жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және дамыту үшін заманауи және жайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here