Алматыда DESIGN REVIEW 2024 архитектура және дизайн байқауы басталды

0
38

Алматы қаласының даму орталығы КазГАСА және НИИ «Алматыбасжоспар» қолдауымен жас сәулетшілер мен дизайнерлер үшін DESIGN REVIEW 2024 сайысының басталғанын хабарлайды. Байқау 2024 жылдың 30 қазанынан 30 қарашасына дейін жалғасады.

Сайысқа қатысу – кеңес кезеңіндегі және посткеңестік тұрғын үйлерде, жеделсатылары жоқ жоғарғы қабаттарда тұратын азаматтар, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инклюзивті орта құрудың тамаша мүмкіндігі. Аталмыш жарыстың мақсаты – осындай үйлерді қайта құру арқылы өмір сүру сапасын жақсарту және барлық тұрғындардың қажеттіліктерін ескеретін заманауи қала кеңістігін жасау.

Жарысқа қатысу үшін тіркеуден өту қажет, тіркеу кезеңі 6 қарашаға дейін жалғасады.

7-15 қараша аралығында DESIGN REVIEW 2024-ке тіркелген қатысушылар үшін НИИ «Алматыбасжоспар» және КазГАСА мамандары, сондай-ақ архитектура саласындағы сарапшылар зерттеу және кеңістікті талдау әдістері бойынша шеберлік сыныптарын өткізеді. Қатысушылар қала кеңістігін зерттеу әдістерін үйреніп, проблемаларды анықтау арқылы нақты және тиімді дизайн шешімдерін қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, олар дизайн жобаларын жасау және нақты жағдайда тексеру дағдыларын дамытуға, сондай-ақ өз жобаларын таныстыру әдістерін меңгеруге мүмкіндік алады.

Қсушылардың жатыұмыстары 28 қарашаға дейін тапсырылуы тиіс. Міндетті талаптар арасында таңдалған объектінің негіздемесі мен талдауы, көлемді жоспарлау шешімі, сызбалар мен визуализациялардың болуы бар. Шарттардың толық тізімі Алматы қаласының даму орталығының сайтында жарияланған.

29-30 қараша күндері қатысушылар өз жұмыстарын НИИ «Алматыбасжоспар», КазГАСА және шақырылған архитекторлар мен урбанистерден тұратын комиссияға таныстырады. Қорытындысында үш жеңімпаз анықталады: 1 орын – 300 мың теңге, 2 орын – 200 мың теңге, 3 орын – 100 мың теңге.

«Сайыстың негізгі идеясы – ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға тең және кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету. Жеңімпаздардың үздік жұмыстарын әлеуметтік қызметтер мен бизнес қауымдастығына ұсынамыз, олар жеке тәжірибе болып қалмай, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдауға арналған нормативтік актілерде ескерілетін болады», – деді АО «Алматы қаласының даму орталығы» басқарма төрағасының орынбасары Жанар Габдуллина.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here