Шымкентте жаңа форматтағы мектеп ашылды

0
18

Шымкенттің Нұршуақ шағын ауданында 2000 оқушыға арналған жаңа форматтағы алғашқы мектеп ашылды. Білім беру мекемесінің іске қосылуы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының маңызды бөлігі болмақ. Мектеп заманауи стандарттарға сай жабдықталған және оқушыларға жайлы, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етеді.

Шымкентте жаңа форматтағы мектеп ашылды

Жаңа мектеп оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бірнеше бөлімге бөлінген, бұл балалардың білім беру үрдісіне бейімделуін жеңілдетеді. Мектеп балалардың бар қажеттіліктерін ескере отырып, салынған. Оқу кабинеттері заманауи техникалық құралдармен жабдықталған, STEM-зертханалары, робототехника сыныптары, төрт спорт залы, хореография залы, сондай-ақ асхана мен дизайн және технология саласына арналған кабинеттер қарастырылған. Оқушылардың шығармашылық дамуына арналған аймақтар, демалыс, ойын және спорт алаңдары да ұсынылған. Мектепте қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін цифрлық бейнебақылау камералары мен турникеттер орнатылған.

Мектеп оқушыларының ата-аналарына арнап сөз сөйлеген Ғабит Сыздықбеков қала тұрғындары үшін жасалып жатқан дүниелерге жауапкершілікпен қарауды балаларға үйретудің маңыздылығын мәлімдеді.

«Мемлекет қаражаты — бұл сіздердің қаржыларыңыз, мектеп сіздердің ақшаңызға салынуда. Балалар өздеріне және олардың игілігі үшін жасалған барлық нәрсеге жауапкершілікпен қарауы тиіс», — деді ол.

Шымкентте жаңа форматтағы мектеп ашылды

Оқушылардың ата-аналары балаларына жасаған жағдай үшін алғыс айтты. Олар жаңа мектептің білім беру стандарттарына сәйкес келіп қана қоймай, балалардың жан-жақты дамуына да ықпал ететінін атап өтті.

«Жайлы мектеп» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып, еліміздің барлық өңірлерінде заманауи білім беру мекемелерін құруға бағытталған. «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы мектептердің құрылысын және жабдықталуын қамтамасыз ететін жауапты дирекция ретінде қызмет атқарады.

Шымкентте жалпы 19 мектеп осындай форматта салынатын болады, соның 11-і биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here