Астанада Кенесары ханның ескерткішін қайта құру жоспарлануда

0
30

Астанада Кенесары ханның ескерткішін жаңғырту үшін бөлшектеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

— 2024-2025 жылдары Есіл жағалауындағы Кенесары хан ескерткішін қайта қалпына келтіру жоспарлануда. Бұл мәдени мұраны сақтау үшін қажет. Тексеру барысында ескерткіштің іргетасының қисайып кеткені анықталды, бұл оның құлауына әкеп соғуы мүмкін. Бөлшектеу жұмыстары қараша айында басталады, ал қалпына келтірілген ескерткіш 2025 жылдың көктемінде орнына қайта қойылады, — деді әкімдіктен.

Берілген ақпаратқа сәйкес, мүсінді қалпына келтіру үшін мүсінді жөндеу, іргетасын ауыстыру және жаңарту жұмыстары жоспарлануда.

Айта кету керек, Кенесары ханның ескерткіші Астанада 2001 жылы орнатылған. Мүсіннің авторлары — мүсінші Нұрлан Далбай мен архитектор Шота Валиханов. Аттың биіктігі — 7 метр, постаменттің биіктігі — 6 метр. Жалпы салмағы — 10 тонна.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here