Қостанай облысында А. Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университет студенттері үшін жаңа жатақхана ашылды

0
19

Қостанай облысында студенттер үшін жаңа заманауи жатақхананың ашылу салтанаты өтті. Шараға облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, студенттер мен оқытушыларды осы тарихи сәтпен құттықтады.

1 миллиард теңге жеке инвестициялармен салынған жаңа жатақхана 320-дан астам студентті қабылдауға мүмкіндігі бар. Барлық бөлмелер толық жиһаздалған, жуыну бқлмесі санитарлық тораппен жабдықталған.Әр қабатта ас әзірлеу аймақтары, кір жуу бөлмелері және сақтау орындары орналасқан. Сонымен қатар, ғимаратта фитнес-клуб, дүкен және салон ашу жоспарланып отыр.

Қостанай облысында А. Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университет студенттері үшін жаңа жатақхана ашылды

Жатақхананың пайдалануға берілуі арқылы студенттердің тұрғын үйге деген қажеттілігі толық қамтамасыз етілді.

Әкім студенттердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту жоспарларын айтып, соңғы үш жылда облыста 2,3 миллиард теңге сомасына екі жатақхана салынғанын атап өтті. «Бұл шаралар жатақханалардағы орын тапшылығын шешуге және еліміздің кадрлық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді», — деді Құмар Ақсақалов.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here