Риелторлар нарықты алаяқтардан қорғаудың жолдарын атады

0
44

Нарықта  өз ісін жауапкершілікпен орындамайтын мамандардың алдын алу үшін «риелтор» мамандығын заңдастыру қажеттілігі туындады.

Қазақстанның өзінөзі реттейтін Риелторлар қауымдастығының президентіЛариса Степаненко елімізде 2020 жылы риелторлық қызмет көрсету бойынша ұлттық стандарт бекітілгенін айтты. Алайда, мамандарға қойылатын талаптар әлі күнге дейін нақты белгіленбеген. Себебі, ұлттық мамандықтар тізімінде «риелтор» мандығы аталмамаған. Ал 2017 жылы риелторлық қызметпен байланысты 10 мамандық атауы көрсетілген.

Степаненко: «Жоқ мамандыққа қандай талаптар қойылуы мүмкін?» – деп сұрады. Осыған байланысты, жоғары оқу орындарында мамандарды даярлау мен нарыққа кіруге  қиындықтар туындайтынын пайда болатынын айтты.

Егер риелторлар үшін бөлек мамандық енгізілсе, клиенттердің де, риелторлардың да құқықтарын қорғау деңгейі артады. Мысалы, тапсырыс беруші келісімді бұзған жағдайда,мамандар жапа шегіп қалмайды. Қазіргі таңда бұл мәселелерді Азаматтық кодекс реттесе де,нарықтың ерекшеліктерін ескермейді.

«Бөлек мамандық енгізілгенде, біз біліксіз қызметкерлерді шектеу үшін қатысу шегін белгілей аламыз. Бұл алаяқтықтық деңгейін азайтып, барлық тараптардың мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді», – деді спикер.

Нина Лукьяненко да бұл пікірді қолдады. Ол риелторлық мамандық ҰКК-да тіркелмейінше, аталмыш мамандық бойынша жұмыс істеуді шектеу мүмкін еместігін айтты.

Сондай-ақ, сала мамандары ұлттық стандартты орындамағаны үшін жауапкершілік алу мен риелторлардан «инвестициялық жылжымайтын мүлік брокері» мамандығын бөліп қарастыру  ұсынылды.

Бекзада ИШЕКЕНОВА

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here