eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікті басқара аламыз

0
28

eGov.kz порталы пайдаланушыларға жылжымайтын мүліктің мекенжайын онлайн тіркеу немесе алып тастау мүмкіндігін ұсынады. Бұл процесс халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, жылдам әрі ыңғайлы түрде анықтама алуға мүмкіндік береді. Мекенжайды тіркеу жылжымайтын мүлікке ресми мәртебе беріп, оның мемлекеттік деректер базасында дұрыс сәйкестендірілуін қамтамасыз етеді.Аталған ақпарат жылжымайтын мүлік иелеріне өз мүліктерін заңды түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Мекенжай коммуналдық қызметтерге (электр, су, газ), интернет, пошта қызметі және басқа да қызметтерге қосылу үшін қажет.

Ресми мекенжайдың болуы құқықтық даулар кезінде мүлік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді, өйткені жылжымайтын мүлік “мекенжай тіркелімі” ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Сонымен қатар, мекенжай тіркеуінсіз жылжымайтын мүлік арқылы мәміле жасау — сату, сыйға тарту, жалға беру және басқа да заңды операциялар — мүмкін емес.

Бұл қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін ұсынылады.

Қызметті алу үшін пайдаланушы:

— eGov.kz порталында тіркеуден өтіп, «Жылжымайтын мүлік – Сатып алу, сату, жалға алу» бөліміне кіруі керек;

— содан кейін осы бөлімнен «Жылжымайтын мүліктің мекенжайын беру/алып тастау» қызметін таңдайды;

— қызметті ЭЦҚ арқылы рәсімдеуі қажет.

Қызметті алғаннан кейін пайдаланушының жеке кабинетінде мекенжайды беру немесе алып тастау туралы хабарлама немесе бас тарту хаттамасы көрсетіледі. Сұраныстың мәртебесі мен хабарламаны алу күні жеке кабинетте анық көрсетіледі.

Ақпарат АО «Ұлттық ақпараттық технологиялар» негізінде берілді.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here