Алматыда 2000-нан астам қоқыс жәшігі орнатылады

0
43

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үй алаңдарында қоқыс қалдықтарын  жинау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

18-24 қазан аралығында «Жарқын күз» экологиялық акциясы аясында 700-ден астам қоқыс алаңы санитарлық өңдеу, жуу және дезинфекциялау жұмыстары өткізілді, сондай-ақ 24 747 көше мен аула қоқыстарында тазалау жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар, аула территорияларының санитарлық және эстетикалық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында қоқыс алаңдарын модернизациялау және тереңдетілген қоқыс жәшіктерімен ауыстыру жұмыстары жалғасуда. 2024-2025 жылдар аралығында 2000-нан астам жаңа қоқыс жәшігін орнату жоспарлануда.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here