Қаладағы кейбі тұрғын үйлерде мемлекеттік бағдарлама бойыша жөндеу жұмыстары 2018-2019 жылдары басталған, бірақ әлі күнге дейін аяқталмаған. 2013 жылдан бері «ЖКХ ремонт» ЖШС арқылы Қостанайда 61 көпқабатты үй жөнделіп, 1 миллиард теңге жұмсалған. Тұрғындар шатыр, қасбет пен инженерлік коммуникациялар үшін кредит алған. Әр жағдайда өзіндік смета құрастырылған: біреулер кешенді жөндеу жүргізсе, басқалары тек шатыр немесе жылу жүйесін таңдаған. Бірақ жөндеу жұмысы үшін төлеуге бәрі дайын емес, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«1 қазанға дейінгі барлық келісімшарттар бойынша қарыз 557,3 миллион теңгені құрайды. Ай сайынғы жоспарлы жинақ – 5 миллион теңге. Ал мерзімі қарыз 83,1 миллион теңге. Бұл 252 пәтер иесінің қарызы», – деді Қостанайдағы «ЖКХ ремонт» ЖШС директоры Мирлан Омаров.
Бұл кәсіпорынды 100%- мемлекет қаржыландырады, яғни револьверлік жүйе бойынша жұмыс істейді. Жөндеу жұмыстары үшін қайтарылған қаражат басқа үйлердің жөндеуіне жұмсалады. 2024 жылы қайтарылатын қаражат есебінен үш жеделсаты 53,7 миллион теңгеге ауыстырылған. Жылдың соңына дейін тағы тоғыз жеделсаты ауыстыру жоспарланған, бірақ бұл жолы бөлінген қаржы қаражатымен іске асырылады.
Қаражаттың жетіспеушілігі кәсіпорын жұмысының басты қиындықтарының бірі болды. Екі жылдан астам уақыт бойы ЖШС ликвидация кезеңінде болды – 2021 жылғы 31 желтоқсаннан 2024 жылғы 26 наурызға дейін. Сегіз жылдық жұмыс барысында компанияда көптеген проблемалар жинақталған, оның ішінде қызметкерлерді ұстауға қаражаттың жетіспеушілігі. Мирлан Омаровтың айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорынның заңгері ликвидация кезеңінен қалған келісімшарттарды зерттеумен айналысуда. Бес үйдің жөндеуі әлі аяқталмағаны белгілі болды. Жөндеу жұмысының болашағы бұлыңғыр.
«Жөндеу жұмысы аяқталмаған үйлерге қатысты тұрғындарға есеп-фактураларды әзірге жібермедік. Атқарылған жұмыстар актілері бойынша 76 миллион теңге қаражат жұмсалды. Бұл үйлер бойынша келісімшарттар 83 миллион теңгеге жасалды. Әр үйдің жағдайы әртүрлі. Біреулер жөндеудің аяқталуын күтіп, қарыздарын төлеуге дайын, ал кейбіреулер мердігер жұмысын сапасыз орындағандықтан, төлеуден бас тартып отыр», – деді inbusiness.kz тілшісінің сұрақтарына жауап берген Мирлан Омаров.
Бұл тізімдегі ең танымал үйлердің бірі Станционная көшесі, 80 мекенжайында орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, 2018 жылы өңірлерді дамыту бағдарламасына қатысу үшін өтініш берген. Келісімшарт 37 миллион теңгеге қол қойылған, бірақ 2019 жылғы сәуірде жөндеу жұмыстары басталғанда, олардың құны 71 миллион теңге болып шықты. Мұндай соманы төлеуге бәрі келісім берген жоқ. Соның нәтижесінде жұмыстар тоқтатылды. Нәтижесінде мұнда тек жұмыстардың бір бөлігі ғана орындалды, бірақ тұрғындар қалған жұмыс үшін төлеуден бас тартып отыр.Себеб, жұмыс сапасына көңілдері толмады. Мердігердің талап етуімен бірнеше сот процесі өтті, бірақ мәселе әлі шешілмеген.
Сондай-ақ, қалған төрт үйдің жағдайы да белгісіз.
Әкім Марат Жүндібаевтың айтуынша, билік туындаған мәселелерді шешу жолдарын қарастыруда. Әр тараптың өз уәжі бар: тұрғындар сапасыз жұмыстар үшін төлеуге дайын емес, мердігер қабылданған актілер бойынша төлем алғысы келеді, ал «ЖКХ ремонт» ЖШС мемлекет мүддесін қорғауы тиіс, өйткені мемлекет қаражаты тұрғын үй қорын жаңартуға бөлінген. Әкім, қайта жөндеужұмы туралы шешімі қабылданса да, тұрғындар тек бір рет төлем жасаукерек екенін атап өтті. Алайда, тұрғындар мәселенің барлығы бағаға байланысты туындағанын айтады, себебі 2019 жылы жұмыс тоқтатылуына да осы фактор себеп болды.
«ЖКХ ремонт» ЖШС барлық бес үйдің тұрғындарымен жиналыс өткізуді жоспарлап отыр. Бұл кездесулерде қабылданған шешімдер көп нәрсеге әсер етеді, өйткені пәтерлердің бір бөлігі сатылған, және жаңа иелері жөндеуге дауыс бермегендіктен, күтпеген қарыздармен бетпе-бет келуі мүмкін.
Қиындықтардың туындауы- қалыпты дағлай.Әдетте, әр үйде жөндеуге қарсы болып отырған тұрғындар болады. Бүгінде 250-ден астам адам қарызға батып отыр. Біреулер бірінші қабатта тұрып, жеделсаты жөндеуіне ақша төлеуді жөнсіз деп санайды, ал біреулер соңғы қабатта тұрып, жертөле үшін төлеуден бас тартады.
Ликвидация жылдары мен постликвидациялық кезеңде «ЖКХ ремонт» ЖШС 92,1 миллион теңге сомасына 518 орындаушы жазба жариялады. Осы тізімдегі 30 адам 3,7 миллион теңге сомасындағы міндеттемелерінен бас тартты. «ЖКХ ремонт» осы фактілер бойынша сотқа талап арыз дайындауда.
2025 жылға дейін «ЖКХ ремонт» ЖШС үлкен жоспарлар құрып отыр. Олар 15 көпқабатты үйдің техникалық тексеруін жүргізіп, жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр. Жобалау-сметалық құжаттаманы бюджет қаражаты есебінен әзірлейді. Тағы бес үйдің тұрғындары 18 жеделсаты ауыстыруға келісім берді. Келесі жылға жоспарланған шығындардың алдын ала құны 2,3 миллиард теңгені құрайды. Тұрғындар бұл соманы 15 жыл ішінде 0,1% жылдық пайызбен бюджеттен алынған қарыз есебінен қайтаруға тиіс.
Дегенмен, бұл жөндеуді қажет ететін тұрғын үй ғимараттарының тек аз бөлігі. Кейбір мәліметтер бойынша, өңірдегі көпқабатты үйлердің жартысы жаңартуды қажет етеді.
2024 жылдың басында қаржы министрлігі бірқатар өңірлерге тұрғын үй қорын жөндеуге жеңілдетілген бюджет кредиттері бөлінетінін хабарлады. Бұрын мердігерлерді үкімет таңдайтын болса, енді таңдау тұрғындардың қолында.