22 қазаннан бастап Қазақстанда кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» баспасөз қызметі.
Енді олар дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күндері 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұған дейін ХҚКО қызметі жұмыс күндері 18.00-де аяқталатын. Әдеттегі арн ХҚКО -тар бұрынғыдай 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Мемлекеттік корпорация өкілдерінің айтуынша, бұл өзгерістер мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған. Кезекші арн ХҚКО -тарда көлік құралдарын тіркеу және есепке алу 18.00-ге дейін, ал құжаттарды беру 20.00-ге дейін жүргізіледі.