Абай ауданында заңсыз қоқыс үйінділерімен күрес жалғасуда. Бақылау нәтижесінде 68 заңсыз қоқыс тастайтын орын анықталды. Бүгінде тек алты қоқыс үйіндісі қалды. Бұл қоқыс орындарын жою жоспарда барын Қарағанды облысының әкімдігі хабарлайды.
Абай ауданында аптасына 80-нен астам ұжым «Таза Қазақстан» акциясына қатысады. 22 арнайы техника жұмылдырылды. 4,5 мың тоннадан астам қалдық қоқыс полигонына жіберілді.
Акция басталғалы 89 637 шаршы метр аумақта саябақтар мен шағын алаңдар тазартылды, 15 тарихи-мәдени ескерткіш жөнделді. 6 514 ағаш көшеті мен 77 бұтақ отырғызылды, 12 190 шаршы метр аумақта 25 су нысаны тазаланды, – деп хабарлады Абай ауданының баспасөз қызметі.
Халықтың қоқыс қалдықтарын жинауға арналған жағдайы жақсартылуда. Абай мен Топар ауылдарында 21 қоқыс жинау алаңы ашылып, 604 жаңа қоқыс жәшігі орнатылды.
Экологиялық жағдайды жақсарту үшін қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон салынуда. Қазіргі уақытта мердігер орынды дайындап, топырақты тығыздап, су құбыры желілерін жүргізіп, қоршау орнату жұмыстарын атқаруда.