Қарағанды облысында алғашқы жел электр станциясын 2025 жылы іске қосу жоспарлануда

0
5

Қарағанды облысында экологиялық таза энергия көздерін дамыту жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда өңірде бес күн электр станциясы жұмыс істейді, ал жақын уақытта жел энергиясын өндіретін станциялар да қосылмақ.

Осакаровка ауданында алғашқы жел электр станциясының бағаналары тұрғызылып жатыр. Бұл станцияны «Гиберборей» компаниясы салуда, оның қуаты 150 МВт-ты құрайды. Станция үшін алаң таңдау жұмыстары біраз уақыт алды, себебі ол үшін үздіксіз күшті жел қажет болды. Жобаның іске қосылуы 2025 жылға жоспарланған. Сонымен қатар, қосымша екі жел электр станциясын салу да қарастырылуда.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Азамат Тайжанов жаңартылатын энергия көздерін дамыту туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 20 жаңа жұмыс орны ашылады. Алдағы уақытта Теміртау қаласында қуаты 500 МВт және Қарқаралы ауданында 200 МВт болатын жел электр станцияларын салу жоспарлануда.

Азамат Тайжанов облыс энергетикасы мен коммуналдық қызметтеріне қатысты да бірқатар мәселелерді атап өтті. Инфрақұрылымның тозуын азайту мақсатында желілерді жаңғырту және жаңа желілер салу жұмыстары жалғасула. Биыл жылу жүйесін жақсарту үшін 17, ал сумен жабдықтау жүйесін жетілдіру үшін 40 жоба іске асырылды.

Келесі жыл да аталмыш жұмыстар осы қарқынмен жалғаспақ. Ел Президентінің тапсырмасымен энергетика мен коммуналдық секторды модернизациялау бойынша Ұлттық жоба әзірленді. Бұл жобада 2030 жылға дейін бар активтердің тозу деңгейін 40%-ға дейін төмендету көзделген.

Қарағанды қаласында биыл үшінші жылу көзі іске қосылады. Бұл жаңалық қаланың оңтүстік-шығыс бөлігін, соның ішінде жаңа тұрғын үйлерді тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі қуат көзі шамамен 20 мың жаңа пәтерді жылытуға жеткілікті.

Облыста тұрғын үй құрылысының қарқыны артып келеді. Биыл 500 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл өз кезегінде желілерге қосымша жүктеме түсіреді. Энергетикалық қуат көлемін арттыру үшін бірқатар модернизация жобалары жоспарланған. 2028 жылға дейін инвестициялық келісімдер аясында үш станцияда жаңа екі қазандық пен төрт турбина орнату көзделген.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here