Семейдегі 2,6 млн еуро тұратын қалдықтарды сұрыптау жабдығы салғырттықтан бүлінді

0
5

Семей қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинау және сұрыптау желісін құру жобасының іске асырылу барысы экология саласындағы прокуратура тарапынан тексерілді. Нәтижелері көңіл көншітпей отыр, деп хабарлайды Сапалы Қазақстан порталы.

2020 жылы басталған жобаға қала әкімдігі мен Экология министрлігі қатысқан. Алайда, жобаны іске асыру кезінде бірқатар қиындықтар туындаған.

Шетелдік компания 2,6 млн еуроға жабдықтар сатып әкелгенімен, әкімдік келісімшартты орындамай, техниканы орналастыру үшін қажетті ғимарат құрылысын бастамаған. Нәтижесінде, қымбат техника екі жылдан астам уақыт пайдаланылмай ашық алаңдарда сақталып, бүлінген және кепілдік талаптары орындалмай қалған. Осы жағдайға байланысты прокуратура Қылмыстық кодекстің 371-бабы (қалдықтық) бойынша тергеу бастады. Сондай-ақ, әкімдік жобаға қатысты жұмыстарды аяқтап, қалдықтарды сұрыптап жинау жүйесін енгізу үшін шаралар қабылдауда.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here