«Көлік мәселелерін кешенді түрде шешеміз!»

0
81

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тұрғындармен кезекті кездесуі өтті. Кездесу барысында Түрксіб ауданының тұрғындары қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесін көтерді. Бұл жөнінде әкім қабылданған шешімдер туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Әкімнен жол жөндеу жұмыстарының аяқталу уақыты мен ауа райының жол сапасына қаншалықты әсер ететінін сұрады.

Досаев негізгі жөндеу жұмыстары 1 қарашадан бастап кезең-кезеңімен аяқталатынын мәлімдеді

«Жол жөндеу жұмыстарына белгілі бір шарттар мен жағдайлар әсер етеді. Егер күндізгі температура мамандардың жұмыс істеуіне мүмкіндік берсе, біз жұмысты жалғастыра аламыз», – деді ол.

Сонымен қатар, әкім қаладағы көлік жүйесіне де назар аударды. «Қалқаман» және «Барлық» метро станцияларының құрылысы ұзақ уақытқа созылғаны жайында шағымдарына қала әкімі келесідей жауап берді:

«Метро құрылысы әлі аяқталған жоқ. Биыл құрылыс қарқыны бұрынғыдан төмен. Негізгі міндетіміз – «Қалқаман» станциясына дейінгі желіні аяқтау. Сонымен қатар, метроны батысқа, «Барлық» базарына дейін кеңейту жоспарымызда бар. Онда жаңа көлік торабын саламыз. Әуежайға қарай да жобалар әзірленуде. Келесі жылы жұмысымыз жанданыпжаңа  қарқын аламыз деп үміттенеміз».

Ол метро, ЛРТ (жеңіл рельсті көлік) және автобустар үшін арнайы жолақтарды жасау басты міндет екенін атап өтті.

«Көлік инфрақұрылымының жоспары бекітілді. Келесі жылы негізгі инвестицияларды тарту мен ірі жобалардың құрылысы басталады», – деді Ерболат Досаев.

«Біздің қалада қыркүйек айының басында 700 мың көлік тіркелген. Күн сайын мегаполиске 400-450 мың автокөлік кіріп келеді. Яғни, жолдарда күн сайын миллионнан астам көлік болатыны анық. Сондықтан біздің басты мақсатымыз – Алматыда дамыған қоғамдық көлікті дамыту және автокөлік жүргізушілерін соған бағыттау», – деді ол.

Әкім мегаполисте көлікті жаңарту, қоғамдық көлік бағытын реттеу және қала жолдарында арнайы жолақтар жасау жұмыстары белсенді түрде жүріп жатқанын атап өтті.

«Мен 2025-2026 жылдардың көлік мәселесінде шешуші кезең болатынына сенемін», – деп қорытындылады қала басшысы.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here