2023 жылдың басынан бастапқы нарықта 1 шаршы метр пәтердің бағасы $48,8-ге, ал екінші нарықта $28,8-ге төмендеді. Жалдамалы пәтердің бағасы керісінше, бірқалыпты. Екінші нарықтағы бағалар республика бойынша тек Астана мен Алматыда ғана қымбат.
Зерттеу авторлары бастапқы нарықта Көкшетау қаласы бойынша баға $7,7-ге өсіп, 1 шаршы метрдің құны $642,8-ге жеткенін айтты. Ал Атырауда ($94,8-ге, 1 шаршы метр $821,6) және Алматыда ($89,3-ке, 1 шаршы метр $1195,8) жаңа пәтерлердің бағасы айтарлықтай төмендеген.
Ел бойынша екінші нарықтағы бағалар орташа есеппен $28,8-ге төмендеді. Дегенмен, Атырау (+$75,7, $976,9), Астана (+$53, $1328,8) және Талдыкорған қалаларында (+$6, $727,9) баға өсімі байқалады. Шымкентте 1 шаршы метрдің бағасы $101,7-ге, $906,4-ке, Алматыда $90,2-ге, $1239,3-ке, Өскеменде $75,8-ге, $779,2-ге төмендеді.
Жалдамалы пәтер бағасы жалпы алғанда өзгермегенімен, Талдықорған, Шымкент және Астанада 1 шаршы метрдің құнының қымбатталғаны да анықталды. Қыркүйек айындағы орташа жалдамалы пәтер бағасы $9,3 болды. Ең қымбат пәтер бағасы Алматыда – $11,2, ал керісінше ең төменгі баға деңгейі Тараз қаласында – $4,3көрсеткіші байқалды .
Қыркүйек айында ең көп мәмілелер Алматыда (8163), Астанада (6646) және Қарағанды облысында (2989) жасалды.
Аналитиктер қыркүйек айы бойынша пәтерлердің қайта сату бағаларын да жариялады.
$1328,8 – Астана
$1239,3 – Алматы
$976,9 – Атырау
$900,7 – Қонаев
$862,7 – Шымкент
$844,7 – Семей
$801,8 – Қостанай
$796,3 – Қарағанды
$783,9 – Петропавл
$779,2 – Өскемен
757,3 – Павлодар
$732,6 – Орал
$731,8 – Жезқазған
$727,9 – Талдықорған
$678,8 – Ақтау
$674,3 – Түркістан
$664,6 – Тараз
$649,6 – Қызылорда
$644,4 – Көкшетау
$602,8 – Ақтөбе.