Сауд Арабиясында әлемдегі алғашқы 1 километрден биік ғимараттың құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

0
45

Мемлекеттер арасында «ғимарат биіктігі үшін бәсеке» жалғасуда .2010 жылы 828 метр биіктікпен Бурдж-Халифа рекорд орнатты.2028 жылы Сауд Арабиясында Jeddah Economic Company Tower (JEC Tower) деп аталатын ғимарат 1007 метр биіктікте салынбақшы. Бұл Эйфель мұнарасынан үш есе, Эмпайр Стейт Билдинг пен Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығынан екі есе жоғары.

Жобаны Адриан Смит пен Гордон Гилл әзірледі .Құрылыс 10 жылдан астам уақыт бұрын басталды. Мұнараның үшбұрышты пішіні шөл өсімдігінің жапырақтарын еске салады, бұл оны күшті қарқынмен соғатын желдерге қарсы тұруға мүмкіндік береді, ал үш жағындағы арнайы ойықтар Аравия шөлінің ыстық күнінен қорғайды. Іргетасының беріктігін 105 метр тереңдікте орналасқан 270 бұрғылау бағанасы қамтамасыз етеді.

157 қабатты алып ғимаратта 59 жеделсаты жұмыс істейді. JEC Tower-да бақылау алаңы, люкс қонақүй, сәнді резиденциялар мен кеңселер орналасады. Жобаның құны — 1,9 миллиард доллар, мердігер — Binladin Group компаниясы.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here