2024 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының қарқыны 10,1%-ға дейін артты.
Бұл жоғары көрсеткішке мемлекет басшысының тұрғын үй, транспорт және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ инженерлік желілерді модернизациялау бойынша төрт ірі бастаманың себепші болғанын ҚР Үкіметінің Telegram-арнасы хабарлайды.
ҚР Ұлттық экономика министрі Нурлан БАЙБАЗАРОВ үкімет отырысында атап өткендей, даму көрсеткіштері 18 өңірде байқалды. Ең үлкен құрылыс- жұмыстарының өсімі Қызылорда, Қарағанды, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Жетісу мен Абай өңірлерінде тіркелді.
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға артық. Ең жоғары көрсеткіштер Шымкент қаласында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында байқалады.