Е9 үйін екі сағаттың ішінде кез келген жерге орнатуға болады.

0
6

Әлемде соңғы уақытта жайлы және заманауи тұрғын үйлерге сұраныс артты. Massimo Modular компаниясы Е9 атты «ақылды» үйді ұсынады. Бұл үйді механизммен кез келген ыңғайлы жерге екі сағатта орнатуға болады.

Сыртқы түрі ғылыми-фантастикалық фильмдердегі ғарыштық миссияларға арналған тұрғын үйді еске салады. Е9-дың өлшемдері 11,5 х 3,3 х 3,3 метр, жалпы ауданы 38 шаршы метр. Кіреберіс есік «ақылды» құлыппен жабдықталған, ал келушілер бірден заманауи минималистік жоспармен безендірілген қонақ бөлмесіне кіреді. Бұл бөлмеде жарықдиодты төбелік шамдар мен жарық люк бар. Қонақ бөлмесі ас үймен байланысты, мұнда қол жуғыш пен индукциялық екі комфорты плита орналасқан. Онымен қоса жуынатын бөлме мен дәретхана бар, олар кір жуу шкафына жалғасады. Жуынатын бөлмедегі су пайдаланғаннан кейін кәрізге ағып кетеді

Е9 үйін екі сағаттың ішінде кез келген жерге орнатуға болады.

Кішігірім өткел қонақ бөлмені Е9-дың қарсы жағындағы жатын бөлмемен байланыстырады. Жатын бөлменің көп бөлігін кең төсек пен көптеген заттарға арналған шкафтар алады.

Жатын бөлмеден 270 градусқа дейінгі панорамалық көрініс ашылады. Терезелер Е9-дың айналасында орналасқан, бұл бөлмеге табиғи жарықтың жақсы түсіп, автоматты перделермен реттелуін қамтамасыз етеді. Үйге 220 В/150 А электр желісі тартылған, ол ауа баптағыш жүйесін жұмыс істетуге +мүмкіндік береді.

Е9 үйін екі сағаттың ішінде кез келген жерге орнатуға болады.

Жатын бөлмеге сырттан кішігірім терраса қосылған, мұнда бірнеше орындық немесе кресло орналатуға болады. Үй смартфон арқылы басқарылатын интеллектуалды жүйемен жабдықталған. Ол 8 баллдық жер сілкінісіне, 1-ші категориялы дауылға төтеп бере алады және 70 жылға дейін қызмет етуге арналған. Е9-ды Massimo Modular сайтынан 95 995 АҚШ долларына сатып алуға болады.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here