«Алматы Кала Жарык» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Игорь Мысик қазіргі жағдай бойынша өз пікірін білдірді.
Оның айтуынша, Алматы қаласында ескі шамдарды жаңа светодиодты (LED) шамдарға жаппай ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні 5000-нан астам ескі шам LED-ке ауыстырылды және бұл жұмыстар қазір де жалғасуда. Игорь Мысик LED шамдарының тиімділігі жоғары, қызмет ету мерзімі ұзақ әрі электр энергиясын айтарлықтай үнемдейтінін атап өтті.
Сонымен қатар, 2024 жылдың жазында «Алматы Кала Жарык» компаниясы республикалық және жергілікті мәні бар тарихи және мәдени ескерткіштерді түнгі жарықтандыру жұмыстарын аяқтады. Бұл шаралар қаладағы барлық аудандарды қамтып, 56 ескерткіш пен мүсінді жарықтандырды және бұл жұмыс үшін 128 прожектор орнатылды.
28 гвардиялық- панфиловшылар саябағындағы жарықтандыру желілері толықтай жаңартылды. Жасыл алаңдар, жаяу жүргіншілер мен саябақтардағы жарықтандыру жүйесі ретке келтірілді. Жаңа 6 шақырым желі орнатылып, 470 шам ауыстырылды,
Саябақтың жарықтандыру жүйесінің тексеру жұмысы жүргізіліп, әр шам мен прожектордың қосылу схемалары әзірленді. Қазір «Желтоксан» саябағында да аталмыш жұмыстар басталды.
2024 жылдың қаңтарынан бастап АКЖ қаладағы жарықтандырудың басым бөлігін өз жауапкершілігіне алады, себебі үш компаниядан құралған консорциум өз міндеттерін орындамады. 2023 жылдың жазында қала әкімі Ерболат Досаев жеке серіктестікпен келісімді бұзуды және барлық желілерді аудандық әкімдіктердің балансында қалдыруды тапсырды. Бүгінде барлық әкімдіктер осы желілердің қызмет көрсетуі үшін келісімшарттар жасасты. АКЖ-ның жоспары бойынша 2025 жылға дейін көшедегі жарықтандыруды 100% жеткізу көзделуде.
Бұл жоспарлар сенім ұялатса да,қала тұрғындарын келесі сұрақтар әлі де мазалайды: өткен жылы алматылықтардың көпшілігі неге жарықсыз қалды? Қай консорциум жұмыс істеді, оның құрамындағы компаниялар мен басшылары кімдер, олардың жұмысы неліктен сәтсіздікке ұшырады және олар қандай жауапкершілікке тартылды? Бұл сұрақтарға «Понастроили» порталы жақын арада жауап береді.