«City Transportation Systems» компаниясы Астана қаласындағы LRT жобасы аясында Есіл өзені арқылы вантты көпірдің құрылысын аяқтағанын хабарлады.
— Есіл өзені арқылы өтетін вантты көпір салынды. Көпірдің ұзындығы 155 метр, ені 14 метр, биіктігі 28 метр. Аталмыш құрылыс көпірасты жолымен ерекшеленеді. Жол плитасы темірбетоннан жасалған, — делінген хабарламада.
Көпір автомобиль көпірінің жанында орналасқан. Оның жобасы су деңгейі мен өңірдің климаттық жағдайларын ескере отырып әзірленген.
Компания ғимараттың барлық тірек құрылысы 100% аяқталғанын хабарлаған. 22 шақырымдық жеңіл рельсті транспорт үшін 799 тіреуіш қарастырылған. Жұмысқа 2500 адам тартылған.
Ермек Сериков