Қазіргі уақытта ЖШС «Норис и К» мердігер ұйымы мектептің сыртқы қабырғасын кірпішпен қаптау жұмыстарын жүргізуде. Жоба бойынша мектеп биыл пайдалануға берілуі тиіс. Жобынң жалпы құны 3,61 миллиард теңгені құрайды.
Сонымен қатар, Сарыжарда ұзындығы 340 метр электр желілерінің реконструкция жұмысы, инженерлік желілерді жаңарту және мектептің аумағын абаттандыру қолға алынды. Иманов, Әйтеке би, Әл-Фараби, Абай және Жездібай Батыр көшелерінде жолдарды жөндеу және жаяу жүргіншілер жолдарын салу да жоспарланған.
«Мектеп құрылысымен қатар, біз электр желілерін, мектепке кіреберіс және және жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіруді қолға алдық. Құрылыс бойынша берік мектеп салу — білім сапасын арттыру және балаларымыздың оқуына лайықты жағдай жасау үшін маңызды қадам. Жаңа мектеп заманауи сыныптармен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Бұл балаларға ыңғайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырады», — деп атап өтті облыс әкімдігі.