Осы жылы Қазақстанда үш ірі теміржол вокзалы жаңартылды

0
5

2024 жылы Қазақстанда үш ірі теміржол вокзалы жаңартылды. Шымкент, Павлодар және Қызылорда қалаларындағы вокзалдардың жөндеу жұмыстары аяқталып, жолаушыларға қызмет көрсету сапасы айтарлықтай жақсарды. Жөндеу жұмысынң мақсаты — жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және инфрақұрылымды қазіргі заманғы стандарттарға сәйкестендіру.

Осылайша, Шымкент және Павлодар теміржол вокзалдары толықтай қайта құрылды, ал Қызылорда вокзалы толығымен жөндеуден өтті.

Осы жылы Қазақстанда үш ірі теміржол вокзалы жаңартылды

Шымкент вокзалының өткізу қабілеті үш есе артты — бұрын 2000 адам қабылдайтын вокзал енді 6000 жолаушыға дейін қабылдай алады. Ғимараттың жалпы алаңы да кеңейтіліп, 1770 шаршы метрден 2250 шаршы метрге дейін ұлғайды.

Павлодар вокзалында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған екі жүк және жолаушыларға арналған жеделсаты орнатылды. Сонымен қатар, ғимаратта бағыттауыш белгілер мен арнайы демалыс бөлмелері жасақталды.

Қызылордада 1905 және 1968 жылдары салынған тарихи вокзал ғимараттары жаңартылды. Бұл шаралар қаладағы теміржол вокзалына келетін жолаушылардың ағынын арттырды.

Осы жылы Қазақстанда үш ірі теміржол вокзалы жаңартылды

Барлық үш вокзалда ғимараттардың қасбеттері, есіктері мен терезелері жаңартылып, заманауи Wi-Fi аймақтары, ақпараттық экрандар мен рентген аппараты орнатылды. Онымен қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар мен арнайы кассалар іске қосылды.Бұл жобалар Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here