Көпқабатты автотұрақтар жеңіл және жылдам орнатылады, қолдануға қолайлы әрі экономикалық жағынан арзан. Сондықтан олар жер астындағы автотұрақтарға қарағанда тиімдірек. Алғашқы көпқабатты автотұрақ 1901 жылы Лондон орталығында салынды. Онда 7 қабат пен 100 автотұрақ орны болды. Көліктер электр жеделсаты арқылы көтерілетін. Сол кезде-ақ қалада автомобильдер үшін тұрақ орындарының қажеттілігі айқын болды. Көпқабаттаы автотұрақ -автомобилизацияның бастамасы еді.
1920-жылдары Манхэттенде 100-ден астам көпқабатты металл жеделсатылы автотұрақтар пайда болды. Бұл идея бүгінгі күні де белсенді түрде қолданылуда. Тұрғындар мен қонақтар үшін ыңғайлы тұрақ орындарын ұсынып, шектеулі аумақты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай автотұрақтар жылдам және оңай орнатылады, әрі пайдалану жағынан арзан. Сондықтан олар жер астындағы автотұрақтарға қарағанда тиімді.
Бұл тәжірибені Алматы қаласының Алматының автотұрақ мәселесін үшін қолдансақ болады. Қалада автотұрақ мәселесі, әсіресе ескі аулалард өте өзекті. Бүгінде жеке автомобиль Қазақстанда бұрынғыдай сән-салтанат емес, күнделікті қажеттілік. Бұл шешім қаладағы тұрақ тапшылығын азайтып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Суретте: Манхэттен 1920 и 2024 ж.ж.
Дереккөз: Тимура Сейтмуратов Facebook парақшасы, https://www.facebook.com/photo?fbid=3887715884885514&set=pcb.3887716224885480