Cу тасқынынан кейін жолдарды қалпына келтіру үшін 1 млрд теңге бөлінбек

0
111

Қазіргі уақытта жобалық қаулы келісу рәсімінен өтуде. Үкімет отырысында ҚР көлік министрі Марат Карабаев су тасқынынан кейін жолдарды қалпына келтіру және оған қажетті қаржы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Министрдің айтуынша, республика бойынша 122 жол жиегі мен төсемі бүлінген, жалпы шығын 8,5 миллиард теңгені құрайды.

«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 26 жер нысанын қалпына келтіруге 1 миллиард теңге бөлу үшін үкімет қорынан қаржы сұрады. Бүгінде министрлік жобалық  келісім рәсімін жүргізуде», – деді Марат Карабаев.

Республикалық қаржы есебінен 102 нысандағы жұмыстар толық аяқталды.

«Қалған 20 жер нысанының жұмыстары Қазақстанның даму банкінің қаржысы есебінен жүргізілуде. Бұл үрдіс құрылыс маусымының соңына дейін жоспарлы түрде аяқталмақ. Жергілікті 10 өңірде 414 нысанның, яғни жол жиегі мен жол төсемінің бүлінуі сияқты мәселелер бар. Жергілікті қор есебінен 233 учаскені қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды, ал Қостанай облысында 35 жер аймағында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр», – деп нақтылады ол.

Сонымен қатар министр Ақмола (15 жер нысаны), Ақтөбе (33 жер нысаны), Атырау (8 жер нысаны), Қостанай (22 жер нысаны) және Солтүстік Қазақстан (10 жер нысаны) облыстарындағы 88 аймақты қалпына келтіруге 29 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Жұмыстар құрылыс маусымының соңына дейін аяқталады.

Бұған дейін ҚР индустрия және құрылыс министрі Канат Шарлапаев су тасқыны салдарынан Қазақстанда 224 елді мекен мен 17 603 тұрғын үй зардап шеккенін хабарлады. Олардың жартысынан көбі, яғни 8447 үй қалпына келтіруге  келмейді.

Гаухар Кыдырбаева

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here