Катонқарағай және Зайсанда жаңа әуежайлардың құрылыс орындары анықталды.

0
55

Көлік министрі Марат Қарабаев еліміздің шығысында жаңа әуежайларды салу үшін таңдалған алаңдармен танысты.

Катоңқарағай ауданында жаңа әуе қақпасы Катонқарағай және Үлкен Нарын ауылдарының арасында, Солдатово ауылына жақын жерде салынады. Құрылыс орны Катонқарағай ауылынан 38 км қашықтықта орналасады.

 Зайсанда әуежай бұрынғы Сатпаев әскери аэродромының аумағында болады. Құрылыс орны Зайсан қаласынан 25 км қашықтықта. Бастапқы кезеңде әуежайларда 2200 метрлік ұшу-қону жолағы салынады. Бұл жолақ Q400, ATR 42/72, CRJ200 сияқты әуе кемелеріне арналған.

Атап айтқанда, Астана мен Алматыдан туристік орындарға ұшуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта ИВПП-ны ұлғайту мүмкіндігі қарастырылып, Airbus А320, Boeing 737 секілді үлкен сыйымдылығы бар ұшақтарды қабылдау жоспарлануда.

«Мемлекет басшысы Катонқарағай, Зайсан және Кендерлі шипажай аймақтарында сапалы жол инфрақұрылымымен әуежайлар мен әуежай кешендерін салуды тапсырды. Біз жаңа әуежайлар салынатын жерлерді аралап, аймақтарды бақылап отырмыз. Барлық үш әуежайдың құрылысын 2025 жылы бастаймыз», — деді министр.

Министр жергілікті атқарушы орган өкілдерімен, құрылыс және авиация саласының сарапшыларымен кездесіп, әуежайларды салу жоспарын талқылады. Таңдалған жер нысандары авиация және құрылыс саласының сарапшыларының алдын ала зерттеулерінің нәтижелері бойынша ең тиімді болып танылды. Келесі факторларға байланысты аталмыш аймақтар тиімді деп танылды:

Таңдалған учаскелер авиация және құрылыс саласының сарапшылары мен жобалаушылардың алдын ала зерттеулері нәтижесінде ең тиімді деп танылды. Бұл келесі факторларға негізделеді:

1. Жер бедері, ауа райы және жел бағыты бойынша жүргізілген талдау;

2. Әуе кемелерінің қонуына кедергі келтіретін тау сияқты кедергілердің болмауы;

3. Әуе кемелерін екі бағыттан да қабылдап, жіберу мүмкіндігі;

4. Әуежай инфрақұрылымын болашақта кеңейту мүмкіндігі;

5. Облыстың шекаралас аудандары (Үлкен Нарын, Катонқарағай және Зайсан, Тарбагатай) арасында ыңғайлы орналасуы;

6. Инженерлік инфрақұрылымның болуы және бар жолдарға жақындық.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here