«Almaty Air Initiative» қоры Алматы тұрғындарының ауа сапасы туралы пікірлерін зерттеді. 2023 жылы шілде-тамыз айларында мамандар Алматының әр ауданында 18 жастан асқан 1000 адам арасында сауалнама жүргізді.
— Тұрғындардың 57%-ы соңғы 2-3 жылда ауа сапасының нашарлағанын айтты.
— Сауалнамаға қатысқандардың 40%-ы өз ауданындағы ауаны нашар немесе өте нашар деп бағалады.
— Ластанған ауа тұрғындардың денсаулығына әсер етеді: 41%-ы бас ауруы мен шаршауды, 35%-ы тыныс алу мәселелерін, 34%-ы аллергиядан зардап шегетінінқоса өтті.
— Алматы тұрғындарының 74%-ы өз ауданындағы ауа жағдайын қалай тексеру керек екенін білмесе, ал 40%-ы тек ішкі сезімдеріне сүйенеді.
— Респонденттердің 55%-ы мемлекеттік органдардың ресми мәлімдемелеріне сенбейді.
— 17%-ы ауа сапасының нашарлауынан қаладан көшу мәселесін қарастыруда.
— 32%-ы ауа ластанған күндерде ешқандай алдын алу шараларын қабылдамайды, ал 20%-ы ауа тазартқыштарды, 18%-ы бетперделерді пайдаланады.
— Респонденттердің 58%-ы автокөліктердің шығындыларын азайту арқылы ауа сапасын жақсаратына сенімді, ал 56%-ы саябақтар мен жасыл аймақтарды көбейтуді қолдайды.