«Алматы – біздің ортақ үйіміз» және «Таза Қазақстан» бағдарламалары аясында қалада қоқыс тазалауға бақылауды күшейту шаралары қолға алынды. Арнайы қосымша бақылау топтары енгізіліп, 52 жер нысаны анықталды. Мәселе туындаған жерлерде санитарлық тазарту қызметтерінің жұмысын бақылау күшейтілді.
«Күн сайын 12:00-ден 20:00-ге дейін екі қызметкері бар жүк көліктері жұмыс істейді. Жауапты адамдар нақты аумақтарға бекітілген, бұл мәселелерге жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», – делінген үкіметтің хабарламасында.
Қалада шамамен 33 мың қоқыс жәшігі бар, ал тазалыққа 1 300 адам мен 1 000-нан астам техникаіске қосылған. Жаңа, сыйымдылығы жоғары қоқыс жәшіктерінтсатып алу жоспарлануда.