Қазақстан Республикасы Президентінің Стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша «Демократия институты» қоғамдық ұйымы 2024 жылдың 18 тамызы мен 17 қыркүйегі аралығында әлеуметтік сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 8 000 респондент қатысқан.
XXI ғасырда энергетика- жаһандық дамудың негізгі факторларының біріне айналды, ол экономикалық тұрақтылыққа, қоршаған ортаға және адамдардың өмір сапасына әсер етед.іҚазақстан, үлкен уран қорларына ие мемлекет ретінде, электр энергиясының тапшылығын шешу үшін АЭС құрылысы мәселесіне қатысты маңызды кезеңді өткеруде.
Сауалнама кезінде респонденттердің 59,2%-ы дауыс беруге қатысуға дайын екенін білдірді. Олардың 41,6%-ы қатысуға нақты ниет білдірді.
Электоралдық белсенділік көрсеткіштері ағымдағы жылдың тамызында жүргізілген қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижелерімен шамамен бірдей. Сол кезде әлеуетті қатысу деңгейі 59,0% болған.
Әр бесінші респондент әлі де соңғы шешім қабылдамағанын, ал 17%-ы референдумға қатыспайтынын атап өтті.
Жалпы, қазақстандықтардың 60,2%-ы Қазақстанда АЭС құрылысына оң көзқарас білдіреді. Оның ішінде 38,6% – шынымен ниетті болса, 21,6% – ішінара оң көзқараста болған. Алдыңғы сауалнама нәтижелерімен салыстырғанда, АЭС құрылысына қолдаушылар саны 53,1%-дан 60,2%-ға артты.
АЭС құрылысына теріс көзқарас білдіргендер 24,9%-ды құрайды, олардың 9,1% – теріс, 15,8% – ішінара қолдамайтындар. Жауап беруге қиналатындар 14,9%.
Сауалнама нәтижелері қазақстандықтарды әсіресе АЭС-тің адам денсаулығына және қоршаған ортаға әсер ету мәселелері алаңдатып отырғанын көрсетеді.
«Сіз жоспарланған атом электр станциясы (АЭС) туралы қандай ақпаратты бірінші кезекте білгіңіз келеді?» деген сұраққа 49,5% респондент денсаулыққа әсері, 42,9% қоршаған ортаға әсері туралы ақпарат алғысы келетінін айтты. Тағы 22,8% респондент авариялар мен төтенше жағдайларды алдын алу шаралары туралы ақпаратты таңдады.
Жиналған мәліметтер мемлекет, сарапшылар және халық арасында ашық диалогтың маңыздылығын көрсетеді. АЭС құрылысы – бұл тек техникалық жоба емес, сонымен қатар азаматтардың белсенді қатысуын талап ететін әлеуметтік жоба.
Сауалнама «Демократия институты» қоғамдық ұйымымен 2024 жылдың 18 тамызы мен 17 қыркүйегі аралығында жүргізілді. Зерттеуде тікелей сұхбат алу әдісі қолданылды.
Сауалнамаға 18 жастан асқан респонденттер 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан қатысты. Үлгі көлемі – 8 000 респондент.
Орталық сайлау комиссиясының ресми хабарламасы № 3Т-2024-05252505 2024 жылдың 13 қыркүйегінде.