Алматының сыртқы көрінісі жаңа дизайн-кодқа сәйкес рәсімделуде

0
63

Көбіміз сауда нүктелерінің сыртқы көрінісінің көңілден шықпайтынын байқап жүрміз. «24KZ» агенттігінің хабарлауынша, ғимарат жазуларының көпшілігі ескірген немесе қала дизайн-кодына сай келмейді. Қазақстанда визуалды элементтерді азайту тренді бар. Алматыда жаңа дизайн-кодқа сәйкес, сыртқы жарнамаларды дұрыс рәсімдеу жұмыстары жалғасуда. Бұл код былтырғы желтоқсанда маслихатта бекітілді.

Қала ішіндегі сән элементтері мен ақпарат құралдары ғимараттардың архитектурасымен үйлесімді болуы тиіс. Алматының дизайн-коды сән, түс, абаттандыру және жарықтандыру бойынша ұсыныстарды қамтиды. Оны мегаполисте кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған.

Бірінші кезекте қаладағы көрнекі жазуларды дұрыс рәсімдеу жұмыстары басталды. «Алматыгенплан» ұйымының бас архитекторы – Тахмина Сафоева жоба мамандардың пікірлері мен тұрғындардың сауалнамасына негізделгенін айтты.

Тахмина Сафоева: — Тұрғындар сауалнамасы 2022 жылы жазда басталған. Ол 42 сұрақтан тұрады және нәтижелер дизайн-кодтың қандай мәселелерді қамтуы қажеттігін анықтауға көмектесті. Яғни, тұрғындар не өзгерту керек екенін айтты.

Сондай-ақ, мегаполистің сыртқы келбетін косметикалық тұрғыда ғана жақсарту емес, жаяу және веложолдарда жарнамаларды орналастыруға тыйым салынады. Бұл талапты бұзғандар айыппұлға тартылады, деп хабарлайды қала жоспарлау қызметінің өкілі.

Улан Уаис, Алмалы ауданы бойынша қала жоспарлау қызметінің жетекшісі: — ҚР Жер кодексінің 109-бабына сәйкес, автожолдар мен веложолдарда сыртқы жарнаманы орналастыруға болмайды. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес рұқсатсыз жарнама орналастырғаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Архитектор-урбанист Владислав Филатов дизайн-кодтың басты мақсаты — Алматының тарихи келбетін сақтау екенін айтты. Бұл оңай емес, себебі қала қарқынды дамып келеді. Дизайн-кодты енгізу үшін Владислав «15 минуттық қала» концепциясын қолдайды. Бұл концепция бойынша, мектеп, балабақша, аурухана сияқты маңызды объектілер үйден 15 минуттық жаяу қашықтықта орналасуы тиіс.

Владислав Филатов: — Дизайн-код тек қасбет пен жарнамаларды ғана емес, қала құрылысын да қамтиды. Мамандар дұрыс таңдалған түстің қаладағы әр ауданның өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға көмектесетінін айтады. Дизайн-кодтың негізгі түстері: сары, көк, жасыл, қызыл, қоңыр, ақ және қара.

Автор: Гафу Уали

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here