Қарағандыда биыл «Көк Тоғандар» мен «Оңтүстік-Шығыс» шағын аудандарынан екі жаңа мектеп ашылмақ. Ғимараттар салынып,қазір ішкі жұмыстар мен аумақты абаттандыру жүргізілуде.
Ұлттық жобаның жүзеге асырылуына тұрақты түрде бақылау жүргізіледі. Облыс әкімі Ермағанбет Бүлекпаев аталмыш нысандарды тағы бір рет аралап шықты. Мердігерлер жұмыс барысы туралы есеп берді.
Көк Тоғандардағы «Томирис» тұрғын үй кешенінде 1200 адамға арналған жайлы мектеп салынуда. Оның ашылуы 77-мектептегі артық жүктемені жеңілдетпек. Құрылыс жұмыстарының аяқталуын барлық мұғалімдер мен оқушылар күтуде. Жаңа мектепке оқуға ниеттілердің өтініштері қабылдануда.
Оқуға қажетті оқулықтар, кабинеке қатысты барлық керек-жабдықар дайын. Мектеп жиһаздары Қарағанды қаласының өндірушісінен сатып алынды. Жайлы мектептерді салу мен жабдықтауда отандық өнімдерді пайдалану ерекше назарға алынады.
«Гүлдер» шағын ауданында жаңа оқу орны 300 орынға есептелген. Ашылғаннан кейін, жақын орналасқан Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицей жүктемесін жеңілдетеді.
Ермағанбет Бүлекпаев оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда екенін атап өтті. Сондай ақ,жаңа мектептерді жайлы кіреберіспен қамтамасыз ету қажет.
1 қыркүйекте Қарағандыда алғашқы 2000 орындық жайлы мектеп ашылғанын ескерткіміз келеді. Мектеп «Кеңдала» ауданында салынды. Жаңа оқу орны қаладағы төрт мектептің жүктемесін жеңілдетті. Ең алдымен, оқушылардың көп бөлігі Алихан Ермеков атындағы мектеп-лицейден жаңа мекептке көшті.
Қарағанды облысында «Жайлы мектептер» ұлттық жобасы аясында 12,5 мың орынға арналған 18 нысан жоспарланған. Жаңа заманауи оқу орындары тек облыс орталығында ғана емес, Балқаш, Абай, Приозёрск, Бұхар-Жырау, Шет, Каркаралы, Нұра аудандарында да пайда болады.