Алматыда ардагерлер мен чернобыльдықтардың емханасы тартып алынды

0
24

Ауған соғысының ардагерлері, Чернобыль АЭС апатының зардабын жоюға қатысқандар мен Семей полигонының маңында тұратындардың саны – 800 мыңға жуық және олар кәсіби көмек пен оңалтуды қажет етеді. Оларға Алматы қаласының маңынан уәде етілген емхана 15 жыл бойы салынбай келеді, деп хабарлайды «Sputnik Қазақстан».

Жақында Ауған соғысы мен басқа әскери қақтығыстардың ардагерлері және Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға қатысқандар Алматы маңындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған емхананың қалдықтарын тағы да қарап шықты.

Бұрын бұл емханада тек Ұлы Отан соғыс ардагерлері ғана емес, басқа да соғыс ардагерлері, чернобыльдықтар, тыл еңбеккерлері және Семей полигонында зардап шеккендер емделетін. Бүгінде Қазақстанда көмекке мұқтаж 800 мың адам бар.

«Емханада контузия мен психологиялық жарақаттарды емдей алатын білікті мамандар болды. Хирургия бөлімдері жұмыс істеп, операциялар өткізілді. Радиоактивті ауруларды емдеуге де қабілетті медицина қызметкерлері болды», — дейді Ауған соғысының және басқа да жергілікті әскери қақтығыстардың ардагерлері мен мүгедектерінің координациялық кеңесінің төрағасы Мұра Әбдішүкіров.

Ауруханаға байланысты мәселелер 2010 жылы басталды.Заилийский Алатауының етегінде орналасқан ғимараттың бір бұрышында сынық байқалды. Бұл жағдай ғимаратты апатты деп танып, емханананы шұғыл жабуға себеп болды.

Алматыда ардагерлер мен чернобыльдықтардың емханасы тартып алынды

Ардагерлер сынықтың шын мәнінде болған-болмағанына әлі күнге дейін сенімді емес: қазір тіпті шатыры жоқ ғимараттың  жылдар бойы талан-таражға ұшырап,еш өзгеріссіз бір қалыпта тұр.

«”Қандай өзгеріс енгізілуде?” деген ардагерлердің сұрағына 2010 жылы жауап берілді. Аурухана жабылғаннан соң ғимаратты бұзу және оған іргелес жерді жеке тұрғын үй құрылысына беру жоспары туралы ақпарат шықты. Кейбіріне қымбат ауданда орналасқан он гектар жердің ұнағаны белгілі болды.

Ауған ардагерлері бұл шешіммен келіспей, емхананы қорғап бастады. Парламентке және Қазақстан Президентіне хат жазу арқылы жер жекеменшікке берілмеді.

«Аталмыш жерге 18 адамнан тұратын депутаттар мен құқық қорғау органдарының өкілдері  келді. Олар ғимараттың қалпына келмейтінін және оны бұзу керек екенін айтты.Нәтижесінде, ардагерлер мен басқа да мұқтаж жандарға жаңа аурухана салу туралы шешім қабылданды», — дейді Мұрат Әбдішүкіров.

«Мақсатқа жету үшін үш жыл қажет» деген сөз іске аспады. Алматы маңындағы емхана жабылғаннан бері 14 жыл өтті. Емделуге мұқтаж науқастар Каблукова көшесіндегі аурухананың екінші бөлімінде емделуде. Ардагерлердің айтуынша, қазіргі жағдай науқастарға қолайсыз.

Аурухананың 80 адамға арналған “төменгі” корпусында 150-ден астам адам емделуде. Екі адамға арналған бөлмеде қазір төрт адам жатыр. Бұдан бөлек, Отан алдындағы азаматтық және әскери борышын абыроймен атқарған адамдар емханаға жылдап кезек күтуде», — дейді ардагерлер.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі аталмыш жағдаймен жақсы таныс.Бірақ нақты іс-әрекеттің орнына, ардагерлерге мәселені ұмытпағанын айтып,емхананың  жаңа бөлімшесін салу жоспары мен мерзімі тек құжаттамада ғана қалған.

Алғашқы «жақсы хабар» 2010 жылдың соңында Денсаулық сақтау министрлігінен келді.

Қазақстанның Қаржы министрлігі емхана бөлімшесінің құрылысын бастау үшін ақша бөлу мәселесін 2011-2013 жылдарға арналған республикалық қаржы жобасын қарау кезінде талқылауды жоспарлады. Егер бұл мәселе мақұлданса, 2011 жылы жаңа емхана жобаланып, құрылысы басталуы тиіс еді», — деп Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры А. Тулегалиевтің ардагерлердің өтінішіне жауап берген хатында жазған.

Ұқсас уәделер 2013 жылдың желтоқсанында да айтылды.

Сол кезде Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі Токежанов: «Денсаулық сақтау министрлігі ескі аурухананы бұзып, РГКП «Республикалық клиникалық емхана» үшін оңалту орталығын салу жобасын қайта қарауда. Жоба 2014 жылы басталып, 2015 жылы аяқталады», — деп жазды.Бірақ 2014 жылы ешқандай жұмыс басталған жоқ. Тек қазан айының соңында Денсаулық сақтау министрлігінен жаңа уәде келді.

Алматыда ардагерлер мен чернобыльдықтардың емханасы тартып алынды

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін техникалық тапсырма жасап, бастапқы мәліметтер алды. Сонымен қатар, «Отан соғысы ардагерлеріне арналған оңалтулық орталық салу» жобасы бойынша инвестициялық ұсыныс әзірленді. Бұл ұсыныс Қазақстанның ұлттық экономика министрлігіне жіберіледі. 2015 жылға республикалық бюджетте жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шығындар қарастыру жоспарлануда», — делінген Ж. Омаровтың хатында. Онда 2016-2017 жылдары жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

Жыл сайын Денсаулық сақтау министрлігі бізге хат жазып, жаңа емхана құрылысын келесі жылдан бастаймыз деп,уәде береді. Бастапқыда 240 адамға арналса, кейін екі есе қысқартылды. Мысалы, 2014 жылы басталып, 2016 жылы аяқталатыны айтылды. Кейін 2015 жылы басталып, 2017 жылы аяқталады деді. Олар бізге заманауи аурухананың эскизін де көрсетті. Бірақ бүгінгі күнге дейін ескі,бұзылған корпус тұр», — дейді Әбдішүкіров, ресми қағаздарды көрсетіп.

Неліктен құрылыс созылып жатқанын ардагерлер білмейді, алайда мәселе бойынша өз болжамдары бар. Олар қымбат ауданда орналасқан емхана корпусының жері әлі де болса біреуді қызықтырып отыр деп күдіктенеді.

Бастапқыда бұл аурухана 24 гектар жерге ие болды. 90-жылдары 12 гектары «Ветеран» бау-бақша қоғамына берілді. Егер қазір барып, қарасаңыз, ол жерде биіктігі алты метрлік қоршаулармен қоршалған төрт қабатты үлкен үйлер тұр.Олар — «ардагерлердің» үйлер. Олар сол жерде өмір сүріп, өздерінің «жәрдемақыларымен» күн көріп жатыр. Қазір менің ойымша, әлдекімдер осы 12 гектарды «жекешелендіруді» қалайды», — деп күлкімен Мұрат Әбдішүкіров пікірін қосты.

Оның айтуынша, таулы әрі қымбат аймақта ғана емес, барлық қажетті байлыныс қызметі тартылу себебімен аурухана орналасқан жер «алтын» деп есептелнді.Емхана қызмет еткен кезде орталықта су, жылу және электр жүйелері жүргізілген. Бұл жағдай жердің құнын бірнеше есе арттырады.

Яғни, емхана орналасқан жерде барлық инфрақұрылым бар. Тек ғимаратты салып, қосыла беріңіз», — деп атап өтті ол.

Соңғы күндері ардагерлер ұйымы Денсаулық сақтау министрлігіне және мемлекет басшысына тағы да хат жазып, өтініштер жолдады. Құжатты 1000-нан астам адам қолдады, бірақ бұл тек бастамасы ғана, дейді Мұрат Әбдішүкіров. Медициналық мамандардың көмегіне жүздеген мың адам мұқтаж. Жылдар бойы біздің елде ардагерлер мәселесі неліктен назардан тыс қалатыны түсінбейді.

Қазақстанда тек екі медициналық мекеме: Астана қаласында орналасқан  60 орындық және Алматыда 80адамға арналған емхана бар. Егер Беларусь елімен салыстырып қарасақ, онда тұрғын саны 9 миллион тұрғынға алты оңалту орталық бар:ең кішісі 240 орындық мекеме. Ал біздің азаматтар білікті медициналық көмек алу үшін ұзақ уақыт бойы кезекте тұруы қажет. Олар мемлекетіміз берген әлеуметтік кепілдіктерді ала алмай отыр», — дейді Мұрат Әбдішүкіров.

Оның айтуынша, ардагерлерге арналған аурухананың пайда болу мүмкіндігі күннен-күнге азайып барады. Негізгі себеп — құрылысқа жауапты шенеуніктердің немқұрайлылығы.

Ақшаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге бөлінгені, тендер өткізілгені айтылса да, жеңген компания ештеңе жасамайды. Құжаттарды ұсыну қажет болғанда, олар: «Біз ештеңе жасаған жоқпыз» деп жауап береді. Содан кейін бұл компанияны сот арқылы алты ай бойы жауапкершілігі жоқ жеткізуші ретінде таниды. Кейін тағы тендер өткізіліп, бәрі бұрынғы жүйе бойынша жалғасады. Бұл үрдіс соңғы төрт жыл бойы қайталанып,кімнің кесірінен екені белгісіз, мақсатқа жету уақыты әдейі созылып жатыр деген күдік бар», — дейді Абдушкуров.

Соңғы хатында шаршаған ардагерлер мемлекет басшылығына  келесідей сұрақтар қояды: осындай аурухана мемлекетке керек пе, құрылысы қашан басталады, және медициналық мекеме орналасуы тиіс жерге қатысты басқа жоспарлары бар ма?

Оның айтуынша, соңғы жылдары жаңа Қазақстанды құру жоспарында ардагерлер мемлекет тарапынан назар аударылатынына үміт артады.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here