Олар жаңа тұрғын үйді 20 жыл бойы күтуде. Осы уақыт ішінде қала және облыс әкімдері бірнеше рет ауысты.Олардың әрқайсысы жаңа үй туралы уәде берді. Үш жыл бұрын билік жаңа үй үшін 18 гектар жер бөлді. Алайда, мердігер осы уақыт ішінде құрылыс жұмыстарын бастамады.
Сондай-ақ, осы тұрғын ауданда бір кезде түзету колониясының қызметкерлері үшін бес үй салынған. Кейбір екі қабатты үйлер 1960-жылдары салынған, ал қалғандары кейінірек. Бірақ олар барлығы ресми түрде және ұзақ уақыт бұрын қауіпті деп танылды. Адамдар канализацияның дұрыс жұмыс істемейтінін айтып шағымдануда. Әр көктем және күзде фекальді сулар жертөлелерді басып кетеді. Бірақ бұл ең қорқынышты жағдай емес. Ескі электр сымдарының кесірінен үйлерде бірнеше рет өрт болған.
Негізінен, бұл жерде тек зейнеткерлер ғана қалған, оларға көшуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Олар қорқынышпен құлаған кірпіштер мен іргетастың құлауын бақылап отыр.Кіреберістің де жағдайынан хабардар. Терезелері сынған, қабырғалар мен төбелерде зең. Ылғал иісі шығады. Баспалдақтармен көтеріліп, түсу өте қауіпті, ағаш конструкциялар шайқалып тұрады. Жарақат алу қаупі бар, кез келген уақытта құлап немесе қараңғыда төмен түсіп кетуге болады. Үш жыл бұрын тұрғындар, ақыры көшетініне үміттенді.
Билік жаңа үш қабатты үй салуға дайын құрылыс компаниясын тапқан еді. Өткен күзде тұрғындар жаңа пәтерлерге кіруі тиіс болатын. Алайда, тек ор қазылған, әрі қарай ештеңе болмады. Енді шенеуніктер не істеу керектігін ойластыруда.
Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясының басшысы Ақнұр Казбаева былай дейді: – Қалалық әкімдік оларға жер учаскесін береді. Олар сол жерде үш қабатты үй салуы тиіс еді. Авариялық үйлердің тұрғындарына 58 пәтер беріледі. Қалған пәтерлерді өздері нарықтық бағамен сатпақ. Енді бұл компания бізден қараша айына дейін уақыт сұрап отыр. Егер қараша айына дейін олар қабырғаларды көтермесе,іргетасын салмаса, онда қала әкімдігі 18 гектар жерді қайтару жөнінде шаралар қабылдайды.
Құрылыс компаниясы мұндай ұзақ кідірудің себебін қаржылық қиындықтармен түсіндірді. Бірақ кәсіпкердің ақшаны қайдан табатыны әлі белгісіз. Сондай-ақ, егер ол бұл жолы да мерзімнен кешіксе, оның орнын қандай құрылыс компаниясы басатыны да анық емес.
Автор: Динара Уркумбаева